20.05.2008, 14:11 2853

Қостанай облысында жыл басынан бері жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін 146 жүргізушіні үш тәулікке қамауға алған

Қостанай облысында жыл басынан бері жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін 146 жүргізушіні үш тәулікке қамауға алған

Қостанай. 20 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Қостанай облысында жыл басынан бері жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін 146 жүргізушіні үш тәулікке қамауға алған, деп хабарлайды агенттік тілшісі Қостанай облыстық ІІД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Қостанай облыстық ІІД жол полициясы басқармасы жыл басынан бері 113 көшпелі сот отырысын өткізіп, онда 139 әкімшілік іс қаралған. Соның ішінде 125-і көлікті мас күйінде айдауға байланысты. Осындай заң бұзушылықтар үшін жүргізушілер 6 айдан бір жылға дейін көлік жүргізу құқығынан айрылды", -деп хабарлады Қостанай облыстық ІІД жол полициясы басқармасының бастығы Серік Жүнісов.

"146 жүргізушіге жол қозғалысы ережесін бұзғаны үшін 3-10 тәулікке дейін әкімшілік тұтқындау жазасы қолданылған. Заң бұзушылықтардың басым бөлігі бұрын құқығынан айрылған жүргізушілердің көлік айдап жүруіне қатысты болған", - деді С. Жүнісов.

Оның айтуынша, әкімшілік сот тұтқындау туралы шешім шығарған барлық жүргізушілер жазаны Қостанай полициясының уақытша тергеу абақтысында өтеген.

"Мұндай шара алдын алу сипатында және жолдардағы апаттардың санын азайтуға мүмкіндік береді", деді облыстық жол полициясы басқармасының бастығы.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны