23.11.2007, 10:50 1556

Қостанай облыстық экономикалық және сыбайлас қылмыстармен күрес департаменті базарлардың әкімшіліктерінің қызметінде заң бұзушылықтарды анықтады

Қостанай облыстық экономикалық және сыбайлас қылмыстармен күрес департаменті базарлардың әкімшіліктерінің қызметінде заң бұзушылықтарды анықтады

Қостанай. 23-қараша. "Қазақстан Бүгін" - Кейбір базар әкімшіліктерінің басшыларына қатысты сауда орындарын жалға беруден түскен нақты табысты жасыру дерегі бойынша 5 әкімшілік материал толтырылды. Бұл туралы Қостанай облыстық экономикалық және сыбайлас қылмыстармен күрес департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігі.

"Осылайша кәсіпкерлер өз табыстарын әдейі жасырып келген", - деп хабарланған баспасөз баянында.

Атап айтқанда, баспасөз баянында көрсетілгендей, "Қазақстан Республикасының Икімшілік-құқықтық заң бұзушылықтар кодексінің 164-ші бабының 1-ші тармағы бойынша (тиісті құжатынсыз тауар сату) және 215-ші баптың 1-ші тармағы бойынша (қазынагерлік жадылы кассалық есептеу машиналарының қолдану тәртібін бұзу) 28 әкімшілік материал толтырылған. Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 223 бабы 2-тармағы бойынша (аса ірі көлемде тұтынушыны алдау) қылмыстық іс қозғалды. Осы басшыларға 50 және одан да жоғары айлық-есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынды".

Жедел-іздестіру шараларының барысында қаржы полициясы 8 көтерме сауда орындарының, 25-тен аса дүкен мен сауда павильондарының қызметін тексерген. Бір-біріне ұқсас заң бұзушылықтардың көпшілігі облыстың базарлары мен сауда орталықтарының әкімшіліктері тарапынан болған, деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Сондай-ақ, тексеріс барасында есеп-кисапқа қатысты қитұрқылықтар мен табыстарды жасыру деректері анықталды. Салықтық тексеріс нәтижесіне және жасалған қылмыс ауыртпалығына байланысты сауда орындарын жалға берумен айналысатын заңды және жеке тұлғаларға қатысты жақын уақытта процессуалдық шешім шығарылады.

"Департамент бірінші қажеттіліктегі азық-түлік өнімдерінің бағасын қолдан өсіруге байланысты туған қобалжуларға байланысты аймақтағы азық-түлік өнімдерінің бағасын өсіруге ықпал ететін фактілердің алдын алу үшін" тексеріс жүргізді, деп көрсетілген баспасөз баянында.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны