19.10.2007, 19:06 2952

Қостанайда есірткі сатпақ болған әйел ұсталды

Қостанайда есірткі сатпақ болған әйел ұсталды.

Қостанай. 19 қазан. "Қазақстан Бүгінгі" - Қазаның 16-да Қостанайда есірткі бизнесімен күрес жөніндегі қызметкерлері есірткі сатумен айналысып жүрген әйелді тұтқындады. Бұл жөнінде агенттік Қостанай облысының ішкі істер департаментісінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлады.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, 46 жастағы жұмыссыз әйел қаланың бір дәмханасындағы тексеру кезінде көп мөлшердегі героинмен ұсталған. Ірі көлемге жататын 175 грамм героинді әйел іш киіміне жасырмақшы болған.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, бұл дерек бойынша ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 259 бабы, 2-тармағы бойынша "Есірткілік заттарды сату мақсатымен заңсыз сатып алу немесе сақтау" жөнінде қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі жағдаймен күдікті уақытша тергеу изоляторында отыр, ұсталған әйелмен байланыста болған заңсыз есірткі айналымына қатыс ы бар адамдарды анықтауға бағытталған кешенді жұмыстар жүргізіліп жатыр.

Полиция ақпаратына сәйкес, жылдың басынан бері бір тоннадан астам есірткі, соның ішінде 958 кг марихуана, 7 кг 300 грамм героин, 4 кг апиын, 17 кг гашиш заңсыз айналымнан шығарылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны