02.07.2009, 10:21 1399

Қостанайда "КамАЗ" көлігін айдап әкеткен адамды ұстау үшін полицейлерге табельдік қаруды пайдалануға тура келді

Қостанайда "КамАЗ" көлігін айдап әкеткен адамды ұстау үшін полицейлерге табельдік қаруды пайдалануға тура келді

Қостанай. 2 шілде. "Қазақстан Бүгін" - Қостанайда "КамАЗ" көлігін айдап әкеткен адамды ұстау үшін полицейлерге табельдік қаруды пайдалануға тура келді, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігі Қостанай облыстық ІІД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ІІЖ баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, 1 шілде күні таңертеңгі сағат 7 кезінде Қостанай АІІБ-ның кезекші бөліміне телефон соққан әйел Бозбек кентінде "КамАЗ" көлігінің жүргізушісі жол апатын шығарып, оқиға орнынан қашып кеткенін хабарлаған.

Жол полициясы басқармасының кезекшілері жол полициясының барлық жасақтарын автокөлікті ұстауға жіберді. Біраз уақыттан кейін автокөлікті автопатруль Қостанай - Сарыкөл бағытындағы жолда, бұрынғы бақылау бекетінің маңында кетіп бара жатқанын байқаған. Жүргізуші Қостанай қаласына қарай бет алған және тәртіп сақшыларының тоқтау туралы талабына жауап қатпаған.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, полиция қызметкерлері адамдардың өміріне қауіп төндірмеу үшін көліктер мен жаяу жүргіншілер көп жүретін жерлерден оның кедергісіз өтіп кетуіне мүмкіндік тудыруға шешім қабылдаған. Тәртіп сақшылары "КамАЗ" көлігін қаланың сыртына алып шығу үшін қолдан келгеннің бәрін жасады. Бұдан кейін полиция қызметкерлері автокөліктің дөңгелегін 7 мәрте атты. Соның нәтижесінде жүргізуші қолға түсті.

Осы қуғынның кесірінен екі патруль көлігіне ақау келді. Бірақ, баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, тәртіп сақшыларының кәсіби ептілігінің арқасында ешкім зардап шеккен жоқ.

Ұстаудан кейін белгілі болғанындай, 21 жастағы жігіт жүк көлігін Қостанай облысының Алтынсарин ауданынан айдап әкеткен. Бұл дерек бойынша тексеру жүргізілуде.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны