02.04.2014, 20:39 3588

Қостанайда "Менің атамның портреті" атты акция басталды

Жеңіс күнін тойлау қарсаңында Қостанайда "Нұр Отан" партиясының облыстық филиалының бастамасымен "Менің атамның портреті" акциясы басталды.

Алматы. 2 сәуір. Kazakhstan today. Жеңіс күнін тойлау қарсаңында Қостанайда "Нұр Отан" партиясының облыстық филиалының бастамасымен "Менің атамның портреті" акциясы басталды.

"Нұр Отанның" баспасөз қызметінен хабарлағандай, қатысамын деушілер партияның облыстық филиалына келіп, 5 мамырға дейін өзінің атасының портертімен шеруге қатысуға өтініш бере алады.

"Біз бұл акцияның басталғаны туралы барлығына хабарладық және өңірдің барлық тұрғындарын оған атсалысуға шақырамыз. Егер сіздің атаңыз, әкеңіз бен тәтелеріңіз соғысқа қатысқан немесе тылда еңбек еткен болса, онда 2014 жылдың 5 мамырына дейін қабылданатын олардың фотосуреттерін жолдауға болады", - деп Қостанай облысындағы "Нұр Отан" партиясының филиалының консультанты Абылай Қакенов мәлім етті.

Айта кетерлік жайт, ағымдағы жылы акция екінші рет өткізілуде. Өткен жылы іс-шара облыс орталығында ғана өтсе, биыл ұйымдастырушылар аудандарды да қамтымақ.

Акцияға бастау сәуірдің 1 Ардагерлер кеңесінің төрағасы Михаил Подоляковтың жастармен кездесуі өткен облыстық тарихи-өлкетану мұражайында берілді. Кездесу барысында балалар "Менің атамның портреті" шеруіне қатысуға ниет танытты.

"Мемлекетіміз Жеңістің кезекті жылдығын атап өтуге дайындалуда. Өкінішке орай, соғыс ардагерлерінің қатары күн санап сиреп келеді, 9 мамыр ол сұм соғысқа қатысқан ардагерлеріміздің еске алу және оларға құрмет көрсету болып табылады. Сондықтанда толарсақтан қан кешкен кезде оралмаған немесе бүгінде қатарымызда барлар біздің яғни кімдер үшін Ұлы жеңіске жеткендермен бірге болуы керек", - деп есептейді Михаил Подоляков.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны