04.12.2013, 18:55 4466

Қостанайда Жамбыл облысының тұрғындары екі келіге тарта героин мен үш келі гашишпен ұсталды

Рұқсат етілген тінту кезінде пәтерден полиэтилен пакетке оралған екі келіге тарта героин мен үш келі гашиш табылып, тәркіленді. Есірткіні қызметтік-із кесуші иттің көмегімен анықтау мүмкін болды.

Алматы. 04 желтоқсан. Kazakhstan today. Қостанай қаласындағы пәтерлердің бірінен облыстық ІІД Есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының қызметкерлері және "Арлан" арнайы мақсаттағы жасағы 41 мен 48 жастағы Жамбыл облысының тұрғындарын ұстады, деп хабарлайды Kazakhstan today ҚР ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Рұқсат етілген тінту кезінде пәтерден полиэтилен пакетке оралған екі келіге тарта героин мен үш келі гашиш табылып, тәркіленді. Есірткіні қызметтік-із кесуші иттің көмегімен анықтау мүмкін болды.

Сонымен бірге, полицейлер автобуста 44 жастағы Теміртау қаласының тұрғынын (таксист) қолға түсірді. Операция кезінде күдіктінің жанында өзімен бірге тұрып жатқан әйел адам болған.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ұсталған үш ер адам қамауға алынды. (Қылмыс үшін оларға мүлкін тәркілеу арқылы 15-тен 20 жылға дейін бас бостандығынан айыру немесе мүлкін тәркілеу жолымен өмір бойына бас бостандығынан айыру түрінде жаза тағайындалуы мүмкін).

Аталған жедел-іздестіру шарасы нәтижесінде героиннің 10 мың дозасын сату фактісінің жолы кесіліп, бірқатар есірткі қылмыстары әшкереленгенін атап өткен жөн.

Қазіргі таңда есірткі заттарын тасымалдау арнасын анықтау мақсатында кешенді жедел-іздестіру, арнайы және тергеу шаралары жалғасуда.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны