01.06.2011, 16:29 3563

Қостанайда жаңа туған сәбиін қоқыс жәшігіне тастап кеткен әйел ұсталды

ҚазАқпарат агенттігінің хабарлауынша, Қостанайлық полицейлер қоқыс контейнерінен жаңа туылған сәби тауып алған. Тергеу барысында оны өз анасының тастап кеткендігі анықталды. Бұл туралы бүгін ҚР Ішкі істер министрлігінің Мемлекеттік тіл және ақпарат департаменті бастығының орынбасары Қаламқас Темірова мәлім етті.

Астана. 1 - маусым. Kazakhstan Today - Қостанайда жаңа туған сәбиін қоқыс жәшігіне тастап кеткен әйел ұсталды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚазАқпарат агенттігінің хабарлауынша, Қостанайлық полицейлер қоқыс контейнерінен жаңа туылған сәби тауып алған. Тергеу барысында оны өз анасының тастап кеткендігі анықталды. Бұл туралы бүгін ҚР Ішкі істер министрлігінің Мемлекеттік тіл және ақпарат департаменті бастығының орынбасары Қаламқас Темірова мәлім етті.

Оның хабарлауынша, қылмыскер ана жалға алған пәтерде тұрып, туған туыстарынан өзінің жүкті екендігін жасырған. Сол жерде босанып, дүниеге қыз баланы әкелген. Бірақ көп ұзамай, тас жүрек ана өз нәрестесін қаладағы қоқыс контейнерінінің біріне тастап кеткен.

"Қазіргі кезде кішкентай нәресте қаланың медициналық мекемесіне орналастырылды. Ал 21 жастағы қылмыскер ана қамауға алынып, оған қатысты қылмыстық іс қозғалып отыр",- деді Қ.Темірова.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны