10.01.2008, 11:26 1738

Қостанайда жастар арасында жаппай төбелестің алды алынды

Қостанайда жастар арасында жаппай төбелестің алды алынды

Қостанай. 10 қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Қостанай облыстық ІІД-нің қызметкерлері Қостанай қаласының оңтүстік бөлігінде мотокросс сайыстары болып жатқан жерде жастар арасындағы жаппай төбелестің алды алды. Бұл туралы облыстық ІІД-нің баспасөз қызметі хабарлады.

"9 қаңтарда шамамен кешкі сағат бесте осы өңірде жастардың көп жиналғаны байқалған. Оқиға орнына полиция жасақтары мен барлық сыртқы қызметтер жіберілді. Полиция қызметкерлерін көрген жастар қашып тарай бастаған. Қырыққа жуық адам ұсталды", -деді Қостанай облыстық ІІД төрағасының бірінші орынбасары полиция полковнигі Марат Ысқақов.

Оның айтуынша, ұсталғандардың бәрі де қаладағы түрлі мектептер, колледждер мен лицейлердің оқушылары. "Екі жасөспірімнің арасындағы дау-дамай содан бірнеше күн бұрын мұзайдынында қызға таластан болып тұтанған. Сөйтіп олар кездесуді 9 қаңтарға белгілейді. Екі жасөспірім де өздерімен бірге қырықтан аса жасөспірімді ере келген, сөйтіп олар мәселенің мән жайын білмей жатып, осынау шиеленіске араласып кеткен. Ал басқалары "төбелесті" тамашалауға келеді.

Қазір полиция сол күні оқиға орнында болған басқа да жасөспірімдерді анықтауда. Полицияға жеткізілген жасөспірімдер есепке алынды.

Полицейлердің хабарлауынша, бүгін барлық мектептерде профилактикалық әңгімелер, сондай-ақ, білім беру жүйесі және жасөспірімдер ісі жөніндегі инспекторлардың қатысуымен жасөспірімдер ісі жөніндегі комиссиялардың отырыстары өтуде. Комиссиялардың отырыстарына ұсталған жасөспірімдердің ата-аналары да шақырылмақ. Полицейлердің айтуынша, ата-аналардың балаларын тәрбиелеуге қатысты жауапкершілігі туралы мәселе де қаралатын болады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны