29.10.2007, 14:34 2771

Қостанайдың полицейлері үлкен сомадағы ақшамен және қару-жарақпен тығылып жүрген инкассаторды ұстады

Қостанайдың полицейлері үлкен сомадағы ақшамен және қару-жарақпен тығылып жүрген инкассаторды ұстады.

Қостанай. 29-қазан. "Қазақстан Бүгін" - Қостанайдың полицейлері үлкен сомадағы ақшамен және қару-жарақпен тығылып жүрген инкассаторды ұстады. Бұл туралы "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісіне Қостанай облысының ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Баспасөз қызметінің ақпараттарына сүйенсек, Рудный қаласында 27-қазанда инкассатор қызметінің отыз тоғыз жасар қызметкері 1 млн 775 мың теңгені иеленіп, белгісіз жаққа қашып кеткен.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, арнайы жедел-тергеу тобы оқиға болған жерге мұқият тексеру жүргізіп, қылмысқа инкассатор қызметінің қызметкерінің қатысы бар деген күдік туған.

"Бір тәулік өткеннен кейін ол Ресей аумағында, Южно-Уральск қаласында құрықталған. Ақшаның жартысын ол жұмсап үлгерген, қалғанын полиция қызметкерлері тәркілеген. Одан әрі жедел-тергеу шараларын жүргізе келе қару-жарақ та тәркіленді. Қазіргі уақытта тергеу жүргізіліп жатыр",- деп хабарлады Қостанай облысының ішкі істер департаментінің бірінші орынбасары, полиция полковнигі Марат Ысқақов.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны