17.01.2008, 19:38 2930

ҚР 2007жылы төтенше жағдайлар мен оқиғалардан 1,5 мың қаза болды - ТЖМ басшысы

ҚР 2007жылы төтенше жағдайлар мен оқиғалардан 1,5 мың қаза болды - ТЖМ басшысы

Астана. 17 желтоқсан. "Қазақстан Бүгін"-Қазақстанда өткен 2007 жылы төтенше жағдайлар мен оқиғалардан 1,5 мыңнан аса адам қаза болды. Бұл туралы бүгін өткен ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің коллегиясында, төтенше жағдайлар министрлігінің министрі Владимир Божко құлағдар етті, деп хабарлады агенттік тілшісі.

"Өкінішке орай, орын алған осындай жағдайларда 2007 жылы 1591 адам қаза болып, 5781 азамат зардап шекті. Ал өршіген өрттен 515 адам бақилыққа аттанды", - деді В. Божко.

Оның мәліметтері бойынша, өткен жылы 21637 төтенше жағдайлар және оқиғалар тіркелді.

"менің пікірімше, біздің өздерінің міндеттерін дұрыс атқарған қызметкеріміздің ерен еңбектері болмағанда, зардап шекендердің қатары әлде қайда көп болар еді", - деп атап өтті министр.

Оның мәліметтері бойынша, ТЖМ күшімен өткен жылы 59872 оқиға орындары мен құтқару операциясына шығып, оларды ауыздықтау барысында 13707 адам құтқарылды. "Қызметкерлер ТЖ ауыздықтап адамдарды құтқару үшін, күн сайын 200- ге тарта оқиға орындарына барып қайтады. Кейде оның саны 80-100 дейін тіркеледі, ал кейбір уақытта өртті сөндірудің 200 оқиғасы орын алады", -деп түсіндірді В. Божко.

"Соңғы үш жылда азаматтарға көмек көрсетіліп, төтенше оқиғаларды ауыздықтау 2,4 есеге көтерілді", - деп атап өтті ТЖМ басшысы.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны