04.06.2015, 18:47 3732

ҚР ИИК ұшқыштары тұӊғыш рет "Авиадартс-2015" ұшу экипаждарыныӊ халықаралық сайысына қатысады

Байқауға әр мемлекеттен Су-27, Су-30, МиГ-29 типіндегі жойғыш экипаждар, Су-25 типіндегі шабуылдаушылар, Су-24, Су-34 майдандық бомбалаушылар және Ка-52, Ми-8, Ми-24, Ми-28Н тікұшақтар армиялық авиация құрамындағы командалар шақырылады

Астана. 04 Маусым. Kazakhstan Today - ҚР ҚК ИҚК қазақстандық әскери-әуе күштерініӊ ұшқыштары алғаш рет "Авиадартс-2015" ұшу экипаждарыныӊ халықаралық сайысына қатысады. Байқауға әр мемлекеттен Су-27, Су-30, МиГ-29 типіндегі жойғыш экипаждар, Су-25 типіндегі шабуылдаушылар, Су-24, Су-34 майдандық бомбалаушылар және Ка-52, Ми-8, Ми-24, Ми-28Н тікұшақтар армиялық авиация құрамындағы командалар шақырылады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"Авиадартс-2015" байқауына Қазақстан Республикасыныӊ Қарулы Күштерінен МиГ-29 жойғыштары экипаждарыныӊ, Су-25 шабуылдаушылары мен Ми-8МТ көліктік-жауынгерлік тікұшақтардыӊ жұбы қатысатын болады. Бүгінгі таӊда маусымныӊ 4-і мен шілденіӊ 18-і кезеӊінде "Қызылағаш" және "Қазақстан" авиациялық полигондарында Қазақстан Искери-әуе күштерініӊ ұшқыштары арасында іріктеу туры өтеді. Үздік ұшқыштар халықаралық кезеӊге қатысады.

Байқауға біліктілік разряды 3-сыныптан төмен емес және жасы 35-ке дейінгі ұшқыштан бастап (экипаж командирі) буын командиріне дейінгі лауазымдардағы ұшқыштар ғана қатыса алатынын атап өткен жөн.

Ир команда өздерініӊ әуе кемелерінде ұшады, екі негізгі (жұп) және бір резервтік жұп. Сайысты өткізу бағдарламасы екі кезеӊді қамтиды. Ол дене және ұшу даярлығын тексеру.

Ұшу даярлығы шағын биіктіктерде қарапайым және күрделі пилотажға ұшу тапсырмаларын, әуе навигациясын, маневрлік нысанасы бар әуедегі ұрысты, басқарылатын және басқарылмайтын зымырандармен әуе және жерүсті нысаналар бойынша жауынгерлік қолдануды және жұп құрамында авиациялық зеӊбіректерден оқ атуды қамтиды.

Айта кетейік, байқауды ұйымдастыру мен өткізуге басшылық жасауды Ресей Федерациясы ИИК бас қолбасшылығы жүзеге асырады. Байқау 2015 жылғы шілденіӊ 26-ы мен тамыздыӊ 16-ы кезеӊінде Ресей Федерациясы (Липецк қ.) Қорғаныс министрлігініӊ авиациялық персоналы мен әскери сынамаларды дайындау 4-ші мемлекеттік орталық пен "Погоново" және "Дубровичи" авиациялық полигондарында ұшу құрамын жауынгерлік даярлау және қайта оқыту 43-ші орталығында (Рязань қ.) өткізіледі.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны