15.09.2009, 18:38 3088

ҚР Ауылшаруашылығы министрлігі бекіре тұқымдас балықтарды сатып алуға, олардың уылдырығын қайта өндеу және сатуға мемлекеттік монополия енгізуді ұсынады

ҚР Ауылшаруашылығы министрлігі бекіре тұқымдас балықтарды сатып алуға, олардың уылдырығын қайта өндеу және сатуға мемлекеттік монополия енгізуді ұсынады

Астана. 15 қыркүйек. Kazakhstan Today - ҚР Ауылшаруашылығы министрлігі бекіре тұқымдас балықтарды сатып алуға, олардың уылдырығын қайта өндеу және сатуға мемлекеттік монополия енгізуді ұсынады. Бұл туралы ҚР Ауылшаруашылығы министрлігі бастамашылық жасаған заң жобасында норима бар, деп хабарлайды Kazakhstan Today сенаттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, бүгін Сенаттың Аграрлық мәселелер және қоршаған ортаны қорғау комитетінде балық шаруашылығы саласын дамытуды құқықтық қолдау мәселелері талқыланды.

Бұл сала бойынша сөз алған ауыл шаруашылығы министрінің орынбасары Марат Оразаев балық шаруашылығы саласын заңнамалық тұрғыда реттеу бағыттары туралы хабардар етті.

Саладағы қоғамдық қатынастар "Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту жИне пайдалану туралы" заң ережелерімен реттелетінін еске салған министрдің орынбасары қазіргі нормативтік-құқықтық база балық шаруашылығының бүгінгі жағдайына, әсіресе, балық қорын қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы мәселелерді шешу бөлігіне сәйкес келмейді деп атап өтті.

Осыған байланысты Ауыл шаруашылығы министрлігі балық шаруашылығы мәселелері жөніндегі қолданыстағы құқықтарға түзету енгізу үшін заң жобасын әзірледі.

Бұл жоба тауарлық балық шаруашылығын дамыту мәселелерін заңнамалық тұрғыда бекітуді қарастырады, "айдын мәдениеті", "балық өсіру" ұғымдары беріліп отыр, балық шаруашылығы су қоймаларын көлдік-тауарлық, тоғанды және балық өсірудің басқа да түрлеріне алмастыру рәсімдерінің талаптарын белгілейді.

Сондай-ақ балық аулау түрлері тізімін ұлғайту, балықтың жаппай қырылуымен күресті тиімді жүргізуге, су-батпақ алқаптары туралы Рамсар Конвенциясын жүзеге асыруға жол беретін түзетулер енгізу көзделіп отыр.

Заң жобасында қарастырылып отырған ерекше мәселелердің бірі - Каспий қорық аймағының экожүйесі мен биоәртүрлілігін сақтау болып табылады.

Осыған байланысты заң жобасына табиғи ортадан алынған бекіре тұқымдас балықтарды сатып алуға, олардың уылдырығын қайта өндеу және сатуға (экспорт және ішкі нарықта көтерме сауда) мемлекеттік монополия енгізуді көздейтін ереже енгізілді.

М.Оразаевтың айтуынша, заң жобасын талқылау барысында Атырау облысында көшпелі отырыс өтіп, жергілікті атқарушы органдардың, Қызылорда облысының Арал ауданындағы қоғамдық және балық шаруашылығы ұйымдарының өкілдерімен кең тұрғыда пікір алмасулар болды.

Депутаттардың сауалдарына жауап бере келіп, министрдің орынбасары ұсынылып отырған заң жобасы отандық балық шаруашылығы саласын дамытуға заңнамалық тұрғыда қолдайтынына сенім білдірді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны