27.05.2009, 12:47 1365

ҚР Ауылшаруашылығы министрлігі Су ресурстары комитетінің төрағасы мен оның орынбасарының үстінен қозғалған қылмыстық іс бойынша тексерулер аяқталып келеді

ҚР Ауылшаруашылығы министрлігі Су ресурстары комитетінің төрағасы мен оның орынбасарының үстінен қозғалған қылмыстық іс бойынша тексерулер аяқталып келеді

Астана. 27 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - ҚР Ауылшаруашылығы министрлігі Су ресурстары комитетінің төрағасы Анатолий Рябцевтің және оның орынбасары Имірхан Кеңшімовтың үстінен қозғалған қылмыстық іс бойынша тексерулер аяқталып келеді. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің (қаржы полициясы) ресми өкілі Мұрат Жұманбай бүгін өткен баспасөз мәслихатында мәлім етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігі.

"ҚР Ауылшаруашылығы министрлігі Су ресурстары комитетінің төрағасы Анатолий Рябцевтің және оның орынбасары Имірхан Кеңшімовтың үстінен мемлекеттік сатып алу жөніндегі тендерді өткізу барысында лауазымдық өкілеттілігін асыра пайдалану арқылы мемлекетке 16 971 000 теңге залал келтіру дерегі бойынша қозғалған қылмыстық іс бойынша тексерулер аяқталып келеді", - деді М. Жұманбай.

Сонымен бірге, қаржы полициясының мәліметінше, бұл комитеттің лауазымды тұлғаларының үстінен тағы бір қылмыстық іс қозғалып, тексерілуде. Бұл қылмыстық іс лауазымдық өкілеттілікті теріс пайдалану, қызметтік жалғандық және Оңтүстік Қазақстан облысындағы Кентау-Түркістан су құбырын тартуға бөлінген бюджет қаржысын ұрлау деректері бойынша қозғалған. "Олар атқарылған жұмыстардың нақты көлемін тексерместен, жұмыс көлемін 1,4 млрд теңге көлемінде асыра бағалап, қабылдау актісіне қол қойған. Іс жүзінде жұмыс істемей тұрған су құбырының қабылдап алу актісін Рябцев бекіткен",- деді М.Жұманбай.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны