27.12.2006, 10:50 2666

ҚР бас прокуратурасы 2007-жылдың бірінші тоқсанында тұрғын үй құрылысын салу барысында заңның сақталу жайын тексермекші

АСТАНА. 27 желтоқсан. Kazakhstan Today. ҚР бас прокуратурасы 2007-жылдың бірінші тоқсанында тұрғын үй құрылысын салу барысында заңның сақталу жайын тексермекші.

Бұл туралы кеше бас прокуратура алқасының кеңейтілген мәжілісінде ҚР бас прокуратурасының мемлекеттік органдар қызметіндегі заңдылықты бақылау департаментінің төрағасы Андрей Кравченко мәлім етті, - деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

"Бұл тексерулер алдымен әкімшіліктердің жеке меншік үй құрылысына жер телімдерін бөлу мен тұрғын үй құрылысының басқа да салаларында заңдылықтың сақталуын қарастырмақ",-деп атап өтті ол.

Бас прокуратура департаменті бастығының мәліметтерінше, биыл прокуратура органдарына азаматтардан 200-ден астам шағымдар түскен. Олар жекеменшік үй салу үшін жер телімдерін бөлуге қатысты болып отыр.

"Бұл шағымдарды тексере келе осы салаға қатысты 37 мың заң бұзушылық фактілері тіркелді. Бұл дегеніңіз үй салу үшін жер тілімін алу құқығы азаматтар үшін тек қағаз жүзіндегі декларациялық құқыққа айналғанын айғақтайды",-деп санайды Кравченко.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны