17.01.2014, 19:17 3011

ҚР Бразилиядағы Елшісі Парагвай Республикасының СІМ басшысымен кездесті

ҚР Бразилия Федеративтік Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі, Аргентина Республикасы және Чили Республикасында қоса атқарушы Б. Ордабаев Парагвай Республикасының (ПР) Сыртқы істер министрі Эладио Лозайгомен арнайы кездесу өткізді, деп Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Алматы. 17 қаңтар. Kazakhstan today. ҚР Бразилия Федеративтік Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі, Аргентина Республикасы және Чили Республикасында қоса атқарушы Б. Ордабаев Парагвай Республикасының (ПР) Сыртқы істер министрі Эладио Лозайгомен арнайы кездесу өткізді, деп Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

"Кездесу барысында, саяси, экономикалық және мәдени саласындағы екіжақты қатынастарды дамыту мәселелері егжей-текжей талқыланды. Сондай-ақ, 2017-2018 жж. БҰҰ ҚК-нің Тұрақты емес мүшесі болуына Қазақстан Республикасының үміткерлігіне Парагвай тарапынан қолдау алу мәселесіне аса назар аударылды", - делінген хабарламада.

Парагвай Сыртқы істер министрі өз кезегінде, Парагвай ЭКСПО-2017 көрмесіне Астана қаласының кандидатурасын қолдағандығын айтты.

Сондай-ақ, ел басшылығы Қазақстанды Орталық Азиядағы қарқынды даму үстіндегі мемлекет ретінде танитындығын және Астанамен әр-түрлі саладағы ынтымақтастыққа аса назар аударатындығын атап өтті.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны