02.04.2014, 20:29 3040

ҚР Денсаулық сақтау министрі "Нұр-Отан" партиясының қоғамдық қабылдауында азаматтармен кездесті

Министрдің қабылдауында болған азаматтар мүгедектікті рәсімдеу, мүгедек балалар мен онкологиялық ауруларды емдеу, жалақы төлеу және т.б мәселелерді көтерді.

Алматы. 2 сәуір. Kazakhstan today. ҚР Денсаулық сақтау министрі С.З.Қайырбекова "Нұр-Отан" партиясының қоғамдық қабылдауында азаматтармен кездесті.

Министрдің қабылдауында болған азаматтар мүгедектікті рәсімдеу, мүгедек балалар мен онкологиялық ауруларды емдеу, жалақы төлеу және т.б мәселелерді көтерді.

Денсаулық сақтау жүйесіне қатысты барлық мәселелер сол жерде шешімін тапты. Мәселелерді шешу үшін біршама уақытты қажет ететін сұрақтар бақылауға алынды.

Сонымен қоса, Денсаулық сақтау министрлігінің құзыретіне кірмейтін сұрақтарды қойған азаматтарға, ол мәселелер қандай құзыретті органдардың міндетіне қарайтыны туралы мәлімет берілді.

Министрдің қабылдауында болған 19 азамат көрсетілген көмек үшін ризашылықтары мен алғыстарын білдірді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны