03.09.2015, 11:19 4421

ҚР ДСИДМ Мәжілісте жаӊа Еӊбек кодексініӊ жобасын таныстырды

Еӊбек кодексініӊ жобасы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтыӊ 5 институционалдық реформа - 83 "еӊбек қарым-қатынасын ырықтандыру" қадамын жүзеге асыру тапсырмасы бойынша әзірленді, деді ҚР Парламент Мәжілісініӊ депутаты Ирина Аронова ҚР Еӊбек кодексініӊ жаӊа жобасын таныстыруға арналған отырыс барысында

Астана. 3 Қыркүйек. Kazakhstan Today - Еӊбек кодексініӊ жобасы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтыӊ 5 институционалдық реформа - 83 "еӊбек қарым-қатынасын ырықтандыру" қадамын жүзеге асыру тапсырмасы бойынша әзірленді, деді ҚР Парламент Мәжілісініӊ депутаты Ирина Аронова ҚР Еӊбек кодексініӊ жаӊа жобасын таныстыруға арналған отырыс барысында, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"Еӊбек кодексініӊ жобасы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтыӊ 5 институционалдық реформа - 83 "еӊбек қарым-қатынасын ырықтандыру" қадамын жүзеге асыру тапсырмасы бойынша әзірленді.Еӊбек заӊнамасын ырықтандыру тиімді нарық экономикасын қалыптастыру, Қазақстандағы еӊбек нарығын ырықтандырудыӊ маӊызды қадамы болып есептеледі", - деді И.Аронова, деп хабарлайды strategy2050.kz тілшісі.

Депутат атап өткендей, еӊбек қарым-қатынасына мемлекеттіӊ араласу шекарасын нақты белгілеген жөн.

ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Т.Дүйсенова таныстырылм барысында жобаны әзірлеуге бизнес өкілдері мен әр түрлі еӊбек ұйымыныӊ өкілдері қатысқанын айтып өтті.

"Еӊбек кодексін әзірлеу барысында өзге елдердіӊ еӊбек кодекстерініӊ жобалары ескерілді. Кодекс жобасында әрбір азаматтыӊ құқығы мен қызығушылығына назар аудардық. Жаӊа Еӊбек кодексініӊ концептуалды моделі еӊбек қарым-қатынасын мемлекеттік және келісім шарттық реттеуді ескере отырып әзірленді", - деді Т.Дүйсенова.

Оныӊ айтуынша, заӊ жобасын әзірлеуде ҚР Конституциясыныӊ, 1948 жылдыӊ 10 желтоқсанында БҰҰ БА қабылдаған Жалпыортақ адам құқығы декларациясыныӊ барлық нормалары сақталды.

Ұсынылып отырған еӊбек байланысын реттеу халықаралық еӊбек ұйымыныӊ еӊбек стандарты мен ЭЫДҰ стандарттарына сәйкестендіріліп әзірленді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны