10.12.2007, 13:01 1719

ҚР ДСҰ ену жөнінде екі жақты келіссөздер 2008 жылдың басында аяқталады деген үмітте

ҚР ДСҰ ену жөнінде екі жақты келіссөздер 2008 жылдың басында аяқталады деген үмітте

Астана. 10 желтоқсан. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан Дүниежүзілік сауда ұйымына ену жөнінде екі жақты келіссөздер 2008 жылдың басында аяқталады деген үмітте. Бұл туралы бүгін Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанға жіберілген шетелдік дипломатиялық корпуспен болған кездесуде мәлімдеді, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Қазақстан осыған орай бірсыпыра келіссөздерді жүргізіп, келісім шартқа қол қоюы керек. Осыған байланысты мен бұған дейін жоғары деңгейде осы тақырыпта жеке уағдаластық болған АҚШ, сондай-ақ, ЕО, Австралия,Үндістан және Монголияның дипломатиялық миссияларының басшылығына өтініш жасағым келеді. Мемлекет арасында экономикалық сауда- қатынастарының жоғары деңгейін ескере отырып, сіздердің үкіметтеріңіз Қазақстанның ДСҰ ену жөніндегі талпынысын қолдап, екі жақты келіссөздерді 2008 жылдың басында аяқтайды деген сенімдемін", - деді президент.

Сонымен қатар, Н. Назарбаев атап өткеніндей, "Қазақстан ДСҰ екі жақты тиімді және елдің экономикалық стратегиясына жауап беретін шартпен кіруге ниет танытуда".

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны