10.02.2014, 19:36 6206

ҚР Экономика министрі мен АҚШ-тың Қазақстандағы сенімді уәкілі инвестициялық ынтымақтастықтың болашағы жайлы талқылады

2013 жылдың қаңтар-желтоқсан аралығында ҚР мен АҚШ арасында тауар айналымы 2,75 млрд. АҚШ долларын құрады (оның ішінде экспорт - 394 млн. долл, ал импорт - 2,36 млрд.долл.), бұл көрсеткіш 2012 жылға қарағанда 9 % артық.

Алматы. 10 ақпан. Kazakhstan today. ҚР экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Ерболат Досаев Қазақстандағы АҚШ-тың уақытша сенімді уәкілі Джон Ордвеймен кездесті.

ЭБЖМ-де хабарлағандай, кездесу барысында тараптар Қазақстан мен АҚШ арасында алдағы уақытта инвестициялық ынтымақтастығының дамуы, сондай-ақ Қазақстан Республикасындағы инвистициялық ахуалының жақсаруына жайлы өтетін Кеңес отырысының күн тәртібі жөнінде пікір алмасты.

Қазақстандағы Америкадық сауда палатасымен жергілікті мазмұн жөнінде және жұмысқа рұқсат беру, кеден мен салық, сонымен қатар жемқорлықпен күресу шаралары жөнінде сұрақтар талқыға салынды.

Айта кетейік, 2013 жылдың қаңтар-желтоқсан аралығында ҚР мен АҚШ арасында тауар айналымы 2,75 млрд. АҚШ долларын құрады (оның ішінде экспорт - 394 млн. долл, ал импорт - 2,36 млрд.долл.), бұл көрсеткіш 2012 жылға қарағанда 9 % артық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны