31.01.2014, 18:17 7744

ҚР Елшісі Б.Ордабаев Аргентина Республикасының сыртқы істер және дін министрімен кездесті

Қазақстан Республикасының Бразилия Федеративті Республикасындағы және сонымен бірге Аргентина Республикасы мен Чили Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Бақытжан Ордабаев Аргентина Республикасының сыртқы істер және дін министрі Эктор Тимерманмен арнайы кездесу өткізді.

Алматы. 31 қаңтар. Kazakhstan today. Қазақстан Республикасының Бразилия Федеративті Республикасындағы және сонымен бірге Аргентина Республикасы мен Чили Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Бақытжан Ордабаев Аргентина Республикасының сыртқы істер және дін министрі Эктор Тимерманмен арнайы кездесу өткізді. Кездесу барысында күн тәртібіндегі мәселелер екіжақты талқылауға түсті.

ҚР СІМ хабарлағандай, 2017-2018 жылдарға арналған БҰҰ ҚК тұрақты емес мүшелігіне Қазақстан кандидатурасын Аргентина тарапынан қолдау мәселесіне баса назар аударылды. Сонымен қатар, Қазақстанның Австралия тобына мүшелікке өту мәселесі де ортаға салынды.

Аргентинаның сыртқы саясат ведомствосының басшысы Аргентина Қазақстанды Орталық Азиядағы маңызды әріптес ретінде танитынын бірнеше рет қадап айтты. Атап айтар болсақ, Э.Тимерман қазіргі таңда АР Үкіметінің Қазақстанды "Экспортты ұлғайту мен әртараптандыру ұлттық бағдарламасы" аясында Аргентинамен экспорттың қатынастарды дамытудағы басты мемлекеттер ретінде таңдаған 15 елдің қатарында екеніне тоқталды.

Екі ел арасындағы қатынастың қарқынды дамуының бір мысалы қазіргі кездегі дипломатиялық және қызметтік паспорт иелері үшін визасыз режим туралы Қазақстан мен Аргентина арасындағы Келісімнің өз күшіне енуі бойынша мемлекеттің ішкі процедураларын екі тараптың да аяқтауы. Жақын арада ресми Буэнос-Айрес аталмыш құқықтық актіні іске қосу туралы таныстырылым жібереді деп күтілуде. Тараптар сонымен қатар екі елдің азаптары үшін виза режимін толықтай алып тастау туралы мәселені талқылауға ниеттеніп отыр.

Кездесу барысында министр Э.Тимерман Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстандық жол-2050": Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ" Жолдауымен танысты. Ал қазақстандық дипломат аргентиналық министрге қысқаша "Мәңгілік Ел" ұлттық идеясын таныстырып, басты мақсаты әлемнің алдыңғы қатарлы 30 елінің құрамына ену болып табылатын "Қазақстан-2050" Стратегиясын орындаудағы әлеуметтік, экономикалық және институциялық негіздерді құру бойынша алға қойылған міндеттемелерді баяндады. Соның ішінде елші ҚР ЖІӨ өсімі бойынша алдын ала болжамдарға сай биыл 6-7 пайызға арттырып, жан басына шаққанда 14 500 АҚШ долларын құрайтыны, ал 2050 жылға қарай ЖІӨ өсімінің 4,5 пайызға артып, жан басына шаққанда 60 мың АҚШ долларын құрайтынын мәлімдеді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны