04.05.2016, 13:11 4003

ҚР энергетика вице-министрі болып Ғани Сәдібеков тағайындалды

2016 жылғы 3 мамырда Қазақстан Республикасы Үкіметініӊ қаулысымен Ғани Қалыбайұлы Сәдібеков Қазақстан Республикасыныӊ энергетика вице-министрі болып тағайындалды, деп хабарлайды Энергетика министрлігі

Астана. 4 мамыр. Kazakhstan Today - 2016 жылғы 3 мамырда Қазақстан Республикасы Үкіметініӊ қаулысымен Ғани Қалыбайұлы Сәдібеков Қазақстан Республикасыныӊ энергетика вице-министрі болып тағайындалды, деп хабарлайды Энергетика министрлігі, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Ғани Сәдібеков Қазақ мемлекеттік басқару академиясыныӊ экономикалық факультетін, сонымен қатар Қырғыз мемлекеттік университетініӊ заӊ факультетін бітірді. Еӊбек жолын Алматы облысыныӊ "Салқын-саз" кооперативінен бастады, кейін Алматы қаласы Совет ауданыныӊ әкімдігінде шаруашылық есеп қызметініӊ директоры және аталған мекемеде инфрақұрылымды және әлеуметтік саланы дамыту бөлімініӊ меӊгерушісі болды, деп хабарлайды primeminister.kz тілшісі.

2004 жылдан бастап Алматы қаласы бойынша бас мемлекеттік экологиялық инспектор, кейін Алматы қаласыныӊ аумақтық қоршаған ортаны қорғау басқармасыныӊ басшысы, сонан соӊ ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрлігініӊ Балқаш-Алакөл экологиялық департаменті басшысыныӊ орынбасары қызметін атқарды.

2009 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін Жамбыл облысыныӊ әкім аппаратыныӊ басшысы, Жамбыл облысы әкімініӊ орынбасары және Павлодар облысы әкімініӊ орынбасары қызметтерін атқарды.

Қоршаған ортаны қорғау саласындағы үлкен жұмыс тәжірибесін ескере отырып, Ғани Сәдібековке ҚР Энергетика министрлігінде экология мәселелеріне жетекшілік ету тапсырылып отыр. Ол 2015 жылдыӊ тамыз айынан бастап бос болған лауазымға тағайындалды.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны