18.04.2012, 15:16 3780

ҚР ІІМ қызметкерлерін аттестаттау мамырда басталмақ

Оның сөзіне қарағанда, Мемлекет басшысының Жарлығына сәйкес кезектен тыс аттестаттаудан министрліктің 71 909 қызметкері өтеді. Оның ішінде 177-і - ведомство басшылығының өкілдері.

Астана. 18-сәуір. Kazakhstan Today - ҚР ІІМ қызметкерлерін аттестаттаудан өткізу биылғы мамыр мен маусым айларына жоспарланған, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұл туралы Астанада өткен брифингте аталған ведомствоның ресми өкілі Нұрділдә Ораз мәлім етті.

Оның сөзіне қарағанда, Мемлекет басшысының Жарлығына сәйкес кезектен тыс аттестаттаудан министрліктің 71 909 қызметкері өтеді. Оның ішінде 177-і - ведомство басшылығының өкілдері.

Жақын арада заңнамаға өзгерістер енгізілгеннен кейін аттестаттау барысында қызметкерлердің бәрі лауазымы мен атқарған еңбек өтіліне қарамастан бұл шарамен қамтылатын болады. Тек онда министрліктің бірінші басшысы, шетелде оқып жүргендер және бала күтіп отырған, сондай-ақ жүктілігіне байланысты еңбек демалысына шыққан әйелдер аттестаттаудан өтпейді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны