15.10.2008, 10:51 1476

ҚР ІІМ мен Қырғызстанның есірткіні бақылау агенттігінің қызметкерлері бірлесіп есірткі сатушыны құрықтады

ҚР ІІМ мен Қырғызстанның есірткіні бақылау агенттігінің қызметкерлері бірлесіп есірткі сатушыны құрықтады

Бішкек. 15 қазан. "Қазақстан Бүгін" - ҚР ІІМ мен Қырғызстанның есірткіні бақылау агенттігінің қызметкерлері бірлесіп есірткі сатушыны құрықтады, деп хабарлайды агенттік тілшісі Қырғызстанның есірткіні бақылау агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жамбыл облысы Қордай ауданы Қордай ауылының 43 жастағы тұрғыны Қырғызстаннан есірткі тасымалдап, оны Қазақстан аумағында сатып жүрген. Оның тұрғылықты жерінен 1 килограмм 390 грамм героин табылып тәркіленді. Есірткі сатушы Бішкекке келген кезінде қолға түсіп, қылмысын мойындады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны