05.05.2010, 15:39 2923

ҚР ІІМ Павлюкті өлтіру қылмысы бойынша бірлескен тексерулерді одан әрі жалғастыру үшін Қырғызстандағы ахуалдың тұрақтануын күтуде

ҚР ІІМ Павлюкті өлтіру қылмысы бойынша бірлескен тексерулерді одан әрі жалғастыру үшін Қырғызстандағы ахуалдың тұрақтануын күтуде

Астана. 5 мамыр. Kazakhstan Today - ҚР ІІМ қырғыз журналисі Геннадий Павлюкті өлтіру қылмысы бойынша бірлескен тексерулерді одан әрі жалғастыру үшін Қырғызстандағы ахуалдың тұрақтануын күтуде. Бұл туралы ҚР ІІМ-нің тіл саясаты және ақпарат департаментінің жетекшісі Қуанышбек Жұманов бүгін өткен брифингте мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

"Біз, әрине, бұл қылмыстық істі обьективті әрі сапалы тексеру үшін Қырғызстанның құқық қорғау органдарымен кез келген байланысты, барлық жұмыстары жалғастыра береміз. Бірақ ол осы елдегің ахуал тұрақтанған соң жалғасын табады", - деді ол журналист сауалына берген жауабында.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, "Белый пароход" газетінің негізін қалаушы Геннадий Павлюкті 16 желтоқсанда белгісіз біреулер Алматыға келген жерінен Фурманов көшесіндегі бір тұрғын үйдің алтыншы қабатындағы терезеден тастап жіберген. Алматыдағы орталық клиникалық ауруханаға жатқызылған қырғыз журналисі 22 желтоқсанда қайтыс болды.

Оның өліміне қатысты қылмыстық істі ҚР ІІМ тексеріп жатыр.

Осыдан бір апта бұрын ҚР ІІМ хабарлағандай, қырғыз журналисін өлтіру фактісі бойынша қырғыз жағының құқық қорғау органдарынан әзірге ешқандай жауап келіп түскен жоқ. Бұл туралы ҚР ІІМ-нің тіл саясаты және ақпарат департаментінің жетекшісі Қуанышбек Жұманов брифингте мәлім етті.

"Қырғыз журналисі Генадий Павлюкті өлтіру фактісі бойынша қылмыстық істі тергеу барысында барлық қажетті тергеу амалдары, оның ішінде Қырғызстан азаматтарынан жауап алу жүзеге асырылуда. Тергеудің объективтілігін қамтамасыз ету үшін тергеу амалдары Қазақстанда жүргізілді",- деді Қ.Жұманов.

Оның айтуынша, осы қылмысқа қатысы бар деген күдікпен Қырғызстанның бірнеше азаматы анықталды. Аталған қылмыстық іс бойынша қырғыз жағына барлық қажетті материалдар жіберілгенін атап өткен жөн. Алайда, әзірге бізге ешқандай жауап келіп түскен жоқ".

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны