04.05.2009, 14:34 2852

ҚР ІІМ-нің тіл саясаты және ақпарат департаменті жетекшісінің міндетін атқарушы тағайындалды (толықтырылған)

ҚР ІІМ-нің тіл саясаты және ақпарат департаменті жетекшісінің міндетін атқарушы тағайындалды (толықтырылған)

Астана. 4 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - ҚР ІІМ-нің тіл саясаты және ақпарат департаменті жетекшісінің міндетін атқарушы тағайындалды. Бұл туралы ҚР ІІМ тіл саясаты және ақпарат департаменті жетекшісінің орынбасары Ернұр Уәли мәлім етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

"ҚР ІІМ-нің бұйрығымен тіл саясаты және ақпарат департаменті жетекшісінің міндетін атқарушы болып Қуанышбек Жұманов тағайындалды",- деді Е.Уәли.

Оның айтуынша, Қуанышбек Жұманов бұған дейін президент әкімшілігінде істеген.

Сондай-ақ, Е. Уәлидің хабарлауынша, "министрдің бұйрығымен ҚР ІІМ Криминалдық полициясы комитетінің төрағасының орынбасары болып Игорь Владимирович Лепеха тағайындалды".

Полиция полковнигі И. Лепеха ішкі істер органдарында 1986 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Қарағанды облыстық және Қарағанды қаласының аудандық ІІБ бастығының орынбасары, облыстық ІІД әкімшілік полициясы басқармасының бастығы болған, 4 жылдан астам уақыт бойы ІІД төрағасының қызмет жөніндегі орынбасары лауазымын иемденген.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны