15.09.2016, 11:06 3640

ҚР Қарулы Күштері жүк көтерімділігі үлкен ресейлік әскери-көлік ұшақтарын сатып алады

ҚР Қарулы Күштерінде жалпы мемлекеттік мұқтаждықтар үшін ресейлік өндірістіӊ жүк көтерімділігі үлкен екі әскери-көлік ұшағын сатып алуды жоспарлап отыр, деп хабарлады Қорғаныс министрлігі.

Астана. 15 қыркүйек. Kazakhstan Today - ҚР Қарулы Күштерінде жалпы мемлекеттік мұқтаждықтар үшін ресейлік өндірістіӊ жүк көтерімділігі үлкен екі әскери-көлік ұшағын сатып алуды жоспарлап отыр, деп хабарлады Қорғаныс министрлігі.

Бүгінгі таӊда өндіруші зауыт өкілдерімен сатып алынуға жоспарланып отырған ұшақтардыӊ техникалық конфигурацияларын айқындау мәселелері, сондай-ақ, оларды жеткізудіӊ болжалды мерзімдері бойынша келіссөздер өткізілді.

Қазіргі уақытта "Қазарнаулыэскпорт" РМК-мен Ил-76МД-90А әскери-көлік ұшақтарын жеткізуге келісімшарт жобасын келісу жөнінде ресей тарапыныӊ өкілдерімен келіссөздер жүргізілуде. Ил-76МД-90А өзін жақсы жағынан танытқан Ил-76 тереӊ түрде жаӊартылған нұсқасы болып табылады.

Жаӊа пилотаждық-навигациялық кешен, автоматты түрде басқару жүйесі, байланыс кешені мен "әйнекті" кабина әуе кемелері авионикасыныӊ барлық қазіргі заманғы талаптарына сай келеді және ұшулар қауіпсіздігін, ұшақты тізгіндеу мен десанттау нақтылығын анағұрлым ұлғайтады. Д-30КП2 штаттық қозғалтқыштарын анағұрлым заманауи ПС-90А-76 алмастыру, модификацияланған қанат пен күшейтілген шассиді орнату әуе кемесініӊ пайдалану мүмкіншіліктерін едәуір кеӊейтеді.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны