09.04.2015, 17:31 4066

ҚР Қарулы Күштерінде озық авиациялық нысанашылардыӊ курстық даярлығы аяқталуда

2015 жылдыӊ 9 наурызы мен 12 сәуірі аралығында 21751 әскери бөлім базасында Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерініӊ әуе тыныштығын бақылаушыларды оқыту бойынша озық авиациялық нысанашылар арасында курстық даярлық өтті

Астана. 9 сәуір. Kazakhstan Today - 2015 жылдыӊ 9 наурызы мен 12 сәуірі аралығында 21751 әскери бөлім базасында Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерініӊ әуе тыныштығын бақылаушыларды оқыту бойынша озық авиациялық нысанашылар арасында курстық даярлық өтті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Аталған курстар байланыс құралдарымен жұмыстыӊ сапасын арттыру, жұмыс картасында координаттарды анықтау және жерлерді бағдарлау, сондай-ақ авиациялық бөлімшелерді басқаруда дұрыс шешім қабылдауды жетілдіру мақсатында жыл сайын өткізіледі. Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігі хабарлады.

Бұл ерекшеліктер әуеде және жер үстіндегі операцияларды өткізу кезінде өзара іс-қимылды жетілдіру үшін қажет.

Тапсырған сынақтардыӊ нәтижелері бойынша әскери қызметшілерге өз бетінше іс жүзінде нысананы дәлдеуге рұқсат етіледі.

Курстық даярлықтыӊ қорытындысы бойынша жауынгерлер "Озық авиациялық нысанашы" мамандығы бойынша курстық даярлықты толық бітіргені туралы куәлік алады.

Курстық даярлықты ұйымдастыру және өткізуге ҚР ҚА ИҚК бас қолбасшылығы басқармасыныӊ бас штабы, ИҚК бас командалық пунктініӊ әскери басқарма және авиацияныӊ өзара іс-қимыл орталығыныӊ нұсқаушы-оқытушылар құрамы тартылды.

Курстық даярлықтан өтуге тыӊдаушылар ретінде Ұлттық ұланныӊ, Құрлық әскерлері мен Парашюттік даярлық орталығыныӊ әскери қызметшілері шақырылды.

Озық авиациялық нысанашыларды курстық даярлау 2015 жылғы оқу жылына арналған Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерініӊ құрамалары мен бөлімдері, басқарма органдарыныӊ даярлық жоспарына және ҚР ҚК ИҚК бас қолбасшысыныӊ бұйрықтарына сәйкес өткізілетінін айта кеткен жөн.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны