25.01.2008, 17:47 3077

ҚР қаржы полициясы 2007 жылы 701 салық қылмысын анықтады

ҚР қаржы полициясы 2007 жылы 701 салық қылмысын анықтады

Астана. 25 қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - ҚР қаржы полициясы 2007 жылы 701 салық қылмысын анықтады. Бұл туралы бүгін өткен ҚР экономикалық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі агенттігінің коллегиясында, агенттік төрағасының бірінші орынбасары Рүстем Ыбырайымов құлағдар етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Қылмыстық істердің тергеу істері аяқталғанда белгілі болғанындай, мемлекетке 2006 жылмен салыстырған келтірілген шығын көлемі 1,8 есеге артып, 15,1 млрд теңгені құрады. Оның 11,7 млрд теңгесі қайтарылды ", - деді Р. Ибрайымов. Ол атап өткеніндей, бұл істер бойынша ақша қайтару 2006 жылмен салыстырғанда былтыр 2,7 есеге артты.

Оның сөздері бойынша, соңғы жылдары орын алып отырған экономикалық қылмыстардың басым бөлігін заңсыз қолма- қол ақшаны алу қызметімен айналысатын астыртын кәсіпорындар жасауда. Олар қазынаға міндетті төлемдерді төлемей, салықтардан жалтару арқылы мемлекетке үлкен шығын келтіруде. " 2007 жылы ондай 306 қылмыстың беті ашылды. Ал соңғы екі жылда ондай заң бұзушылық қылмыстар саны 550 құрап, 56,8 млрд теңгеге шығын келтірілді", - деді қаржы полициясының бірінші орынбасары. Оның деректері бойынша, осындай қылмыстық істердің 143 сотқа жіберілді.

"Сонымен қатар былтырғы жылы қозғалған қылмыстық істер бойынша салық комитетімен бірлесе отырып, кәсіпорын -контрагенттерінен қосымша кұн салығына түзетулер енгізіліп, соның есебінен бюджетке 1,4 млрд теңге қайтарылды", - деді Р. Ыбырайымов. " аумақтық департамент жетекшілеріне бидай саласында Қосалқы құн салығын заңсыз қайтару оқиғаларына тосқауыл қою тапсырылды. Алайда, іс жүзінде бұл сала бойынша Қостанай облысында ғана нақты нәтижелерге қол жеткізілді", - деп атап өтті ол.

Оның мәліметтері бойынша, былтырғы жылы банк саласында 84 қылмыс ашылып, келтірілген шығын көлемі 2006 жылмен салыстырғанда 4 есеге артты.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны