22.01.2008, 14:01 1936

ҚР қаржы полициясының органдары 2007 жылы сыбайлас- жемқорлық қылмыстардың 75% анықтап тіркеген

ҚР қаржы полициясының органдары 2007 жылы сыбайлас- жемқорлық қылмыстардың 75% анықтап тіркеген

Астана. 22 қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстанның қаржы полициясының органдары 2007 жылы сыбайлас -жемқорлық қылмыстардың 75% анықтап тіркеген. Бұл туралы бүгін өткен баспасөз мәслихатында ҚР экономикалық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі агенттігінің сыбайлас- жемқорлық қылмыстарды алдын алу және ашу департаменті бастығының орынбасары Сәтім Тастайбеков мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Соңғы 3 жылда қылмықтық-құқықтық статистикасы, қаржы полициясының қызметі сыбайлас- жемқорлыққа қарсы күрес бойынша жүргізіп жатқан жұмыстарының күшейтіліп, қылмыстардың беті жиі ашылып жатқандығын дәлелдейді ", - деді С. Тастайбеков.

"Өткен жылы қаржы полициясы елде құқық қорғау органдарында тіркелген барлық сыбайлас- жемқорлық қылмыстардың 75 % өздері анықтап әшкерелеген", - деді ол. С Тастайбековтың мәліметтері бойынша, құқық қорғау органдарында тіркелген 1771 қылмыстың 1330 қаржы полициясының қызметкерлері анықтаған.

" Қылмыстарды анықтау көрсеткіштері және шығындарды мемлекет пен жеке азаматтарға қайтару бойынша ең жоғарғы қорытындыларға қол жеткізілді. Құқық қорғау органдары арасында оның таза салмағы 99% құрады", деді С. Тастайбеков. Оның ақпараты бойынша, қаржы полициясы қызметкерлері сыбайлас- жемқорлық қылмыстар мемлекетке 3,6 млрд теңге мөлшерінде шығын келтірілгенін анықтаған. Оның 3,5 млрд теңгесі қаржы полициясының күшімен қайтарылды. "2006 жылмен салыстырғанда шығын мөлшерін қайтару көрсеткіштері 39,3% өсті", - деп хабарлады қаржы полициясының өкілі. Ал 2006 жылы қаржы полициясы тарапынан 930 млн теңгеге шығын келтіргендігі анықталып, оның 535 млн теңгесі немесе 57,5% қайтарылған болатын.

"Өткен жылы сыбайлас жемқорлық қылмыстардың басым көпшілігі пара алумен байланысты болды. Олардың көрсеткіші 52% құрады ( 288 ден 437 қылмыс жасалған). Сондай-ақ, қызмет бабын асыра пайдаланып, біреудің мүлкін заңсыз иелену сияқты қылмыстар 34% жетті", деп хабарлады С. Тастайбеков.

Оның сөздеріне қарағанда, сыбайлас жемқорлық қылмыстар, әсіресе сот қазылары арасында жиі кездесуде. Өткен жылы 21 қылмыстың беті ашылды. Ал 2006 жылы алты қылмыс қана тіркелген болатын. Сонымен қатар, атқарушы билік өкілдері де сыбайлас-жемқорлық қылмыстарға жиі барып, өткен жылы олардың 142 қылмысы тіркелді. "Олардың арасында түрлі дәрежедегі әкімдер тарапынан 52 қылмыс жасалды. Ішкі істер органдарының қызметкерлері 96 қылмысқа барса, әділет органдарының қызметкерлері - 35, ТЖМ-30 қылмысты жасаған", - деп анықтап берді ол.

"қауіпсіздік кеңесі 2006 жылдың 1 маусым айында қаржы полициясы алдына сыбайлас жемқорлыққа жиі баратын негізгі бес саланы айқындап берген. Олар-салық және кеден органдары, жол полициясы, мемлекетік сатып алу және жер- қатынастары комитеттері ", - деп ескертті С. Тастайбеков.

"Агенттік белгіленген салаларда 2007 жылы 379 сыбайлас жемқорлық қылмыстарын ашты. Ал 2006 жылы 334 қылмыс тіркелген болатын", -деді ол.

"қылмыстық көрсеткіштер жер қатынастары саласында жасалған қылмыстар есебінен 14% көтеріліп, 97 қылмыс тіркелді. Оның 32 сі-салық органдарында жасалды", - деп жеткізді С. Тастайбеков.

Қаржы полициясы өкілініің мәліметтері бойынша, мемлекеттік сатып алу саласында 2007 жасалған қылмыстар саны (199 қылмыс) 2006 жылғы(198қылмыс) деңгейде қалды. Ал кедендік комитеттері (19-18) және жол полициясы (32-29) бойынша тіркелген қылмыстар саны да бұрыңғы көрсеткіштерден аса қоймады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны