01.04.2014, 19:58 3435

ҚР кәсіпорындары тауар мен қызметтің сапасы бойынша ТМД Жүлдесінің лауреаттары атанды

Қазақстандық кәсіпорындар тауар мен қызметтің сапасы сынды екі номинацияда 2013 жылғы Тәуелсіз Мемлекеттер Достығы Жүлдесінің лауретаттары атанды.

Алматы. 1 сәуір. Kazakhstan today. Қазақстандық кәсіпорындар тауар мен қызметтің сапасы сынды екі номинацияда 2013 жылғы Тәуелсіз Мемлекеттер Достығы Жүлдесінің лауретаттары атанды.

ҚР ИЖТМ Техникалық реттеу комитетінен хабарлағандай, "Халық тұтынатын тауарды өндіру" номинациясында (жұмысшыларының саны 250-ге дейін жеткенде) "TREI-Қарағанды" ЖШС және "Қызметтер" (жұмысшыларының саны 251 мен 3000 аралығында) номинациясында Астана қаласының ШЖҚ РМК "Л.Гумелев атындағы Еуразиялық ұлттық университеті" ТМД Жүлдесінің лауретаттары атанды.

ТМД Жүлдесінің лауреаты атағын беру шешімі 2014 жылдың 14 наурызында Мәскеуде өткен ТМД Экономикалық кеңесінде қабылданды.

Айта кетерлік жайт, ТМД Жүлдесінің өлшемдері Еуропалық сапа бойынша жүлдемен сәйкестендірілген.

Байқаудың нәтижесі бойынша 9 кәсіпорын лауреат атанса, 12 дипломант және 3 қатысушы ұйым 2013 жылғы ТМД Жүлдесінің "Іскерлік кемелді мойындау" арнайы сыйлығын иеленді.

Бұл байқауда Қазақстанның намысын қорғау үшін "Алтын сапа" сыйлығының Лауреаттары жіберілген болатын.

"Тауар мен қызмет сапасы саласында жеткен жетістіктері үшін ТМД Жүлдесінің лауреаты атану - бұл Қазақстанның инфрақұрылым жүйесінің сапасын халықаралық деңгейде мойындау болып табылады. Кәсіпорынның әлеуетін есепке ала отырып, ол сапалы қызмет саласы бойынша Еуропалық деңгейде еліміздің намысын қорғай алады", - деп есептейді ҚР ИЖТМ Техникалық ретту комитетінің төрағасы Біржан Қанешев.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны