17.01.2008, 18:49 2958

ҚР Қауіпсіздік кеңесінің 22 қаңтарда өтетін отырысында төтенше жағдайларға қатысты мәселелер қаралады - премьер

ҚР Қауіпсіздік кеңесінің 22 қаңтарда өтетін отырысында төтенше жағдайларға қатысты мәселелер қаралады - премьер

Астана. 17 қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - ҚР Қауіпсіздік кеңесінің 22 қаңтарда өтетін отырысында төтенше жағдайларға қатысты мәселелер қаралады. Бұл туралы бүгін республика үкімет басшысы Кәрім Мәсімов Төтенше жағдайлар министрлігінда өткен алқа мәжілісінде мәлімдеді, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Таяу уақыттарда мемлекет басшысының төрағалығымен Қауіпсіздік кеңесінің отырысы өтеді, онда төтенше жағдайларға қатысты мәселелер қаралады", - деді Кәрім Мәсімов. "Бұл бірнеше күннен кейін, 22 қаңтарға межеленген", -деді ол.

"Бүгінгі алқа мәжілісін ескере отырып, сіздерден қазіргі таңда алда тұрған мақсаттардың шешілуіне қатысты мемлекет басшысының алдында есеп беруге дайындала беруді сұраймын", - деді премьер-министр төтенше жағдайлар министрі Владимир Божкоға қаратып айтқан сөзінде.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны