28.02.2015, 01:37 7380

ҚР ҚК әскери қызметшілері қазақстан армиясы тарихындағы еӊ ірі әскери парадқа дайындық үстінде

Қазақстандық әскери қызметшілер Ұлы Отан соғысындағы Жеӊістіӊ 70-жылдығына арналған әскери парадқа даярлыққа кірісіп кетті

Астана. 28 ақпан. Kazakhstan Today - Қазақстандық әскери қызметшілер Ұлы Отан соғысындағы Жеӊістіӊ 70-жылдығына арналған әскери парадқа даярлыққа кірісіп кетті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Искери парадтар елімізде 2005, 2009, 2011 және 2014 жылдары өткізілген болатын. Былтырғы жылы салтанатты парадқа барлық әскер түрлері мен тектерініӊ, жоғарғы әскери оқу орындарыныӊ 2 600-ге жуық әскери қызметшілері, жалпы саны 217 бірлік әскери техника мен 73 бірлік авиациялық техника қатысты. Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігі хабарлады.

Алдағы парад мемлекетімізде бұрынғы өткен әскери парадтардыӊ еӊ ірісі болатыны жөнінде айтылуда. Бүгінгі күнніӊ өзінде екі есе көп жеке құраммен жұмыс істеу және ҚР Қарулы Күштерініӊ заманауи тұрғыдағы әскери техникаларымен қатар, Ұлы Отан соғысы жылдарындағы қару-жарақты көрермен назарына ұсыну жоспарланып отыр.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны