24.04.2015, 19:16 3692

ҚР ҚК әскери қызметшілері терроизмге қарсы даярлық курсын бастады

ҚР Қарулы Күштерініӊ әскери қызметшілері қазіргі уақытта Қырғыз Республикасында өтіп жатқан Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше елдердіӊ арнайы мақсаттағы күштерініӊ бірлескен жаттығуларына қатысуда

Астана. 24 сәуір. Kazakhstan Today - ҚР Қарулы Күштерініӊ әскери қызметшілері қазіргі уақытта Қырғыз Республикасында өтіп жатқан Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше елдердіӊ арнайы мақсаттағы күштерініӊ бірлескен жаттығуларына қатысуда, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"Шаян" бригадасыныӊ оқу-жаттығу полигонында әскери қызметшілер терроризмге қарсы бірнеше жаттығулардыӊ, оныӊ ішінде ғимарат ішіндегі қарсыласты қамауға алу, жарылғыш зарядты қою, оқ атуды қолдау тобы құрамында іс-қимыл жасау, шабуыл және қамтамасыз ету бойынша даярлық курсынан өтті. Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігі хабарлады.

Сонымен бірге Қазақстанныӊ, Ресей Федерациясыныӊ, Қырғыз Республикасыныӊ, Қытай және Тәжік Ресупбликасыныӊ арнайы мақсаттағы бөлімшелерініӊ жауынгерлері Шамси шатқалында таулы жабдықтардыӊ көмегімен аспалы өткелдерден өтуді, тау бөктерін меӊгеруді, тауға шығу және өрлеу жаттығуларын пысықтады.

Бұдан өзге ұлтаралық топтар құрамында олар заӊсыз қаруланған топтыӊ автокөлікке жасаған шабуылы кезіндегі іс-қимыл алгоритмін қайталады.

Естеріӊізге сала кетсек, Қырғыз Республикасыныӊ "Шаян" бригадасыныӊ базасында ШЫҰ мүше мемлекеттер Қарулы Күштерініӊ арнайы мақсаттағы бөлімдері бірлескен жаттығулар өткізуде. Оқу-жаттығу төрт күнге созылмақ. Осы уақыт ішінде әскери қызметшілер Шамси шатқалыныӊ таулы аймақтарында заӊсыз құрылған банданы қамауға алу және жою бойынша бірге іс-қимылды және биік тау жабдықтарымен жұмыс түрлерін пысықтайды.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны