21.04.2015, 18:15 3596

ҚР ҚК әскери қызметшілерініӊ құрамасыарнайы мақсаттағы топтар арасындағы "Warrior-2015" жарысына қатысады

Авиациямен бірге тұтқындарды босату бойынша жасалған шабуыл элементтері, әсерлі парад - аталған іс-қимыл қатысушылардыӊ барлығына таныс, үйреншікті жайт. Төрт күн бойы барлығы 19 ел мен 43 команда жауынгерлерінен арнайы мақсаттағы топтары арасындағы барлық іс-қимыл бойынша еӊ мықтысы анықталатын болады.

Астана. 21 сәуір. Kazakhstan Today - Иорданияныӊ KASOTC оқу-жаттығу орталығында арнайы мақсаттағы топтар арасындағы 7-ші жыл сайынғы "Warrior-2015" сайысы басталды. Жарысқа қазақстандық әскери қызметшілер де қатысады. Бұдан өзге ол жерге Қытайдан "Шабулдаушы ақ тұйғын", Колумбиялық "Коммандос", Иорданиялық полицияныӊ арнайы операциялар әйелдер батальоны, Ливандық "Қара пантера", АҚШ "Теӊіз мысықтары" және басқа да арнайы бөлімшелер келді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Авиациямен бірге тұтқындарды босату бойынша жасалған шабуыл элементтері, әсерлі парад - аталған іс-қимыл қатысушылардыӊ барлығына таныс, үйреншікті жайт. Төрт күн бойы барлығы 19 ел мен 43 команда жауынгерлерінен арнайы мақсаттағы топтары арасындағы барлық іс-қимыл бойынша еӊ мықтысы анықталатын болады. Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігі хабарлады.

Өткізілетін жарыстыӊ 10 кезеӊініӊ 9-ы командалық құрамда бағаланады. Салтанатты ашылу рәсімінен кейінгі бірінші кезеӊ ғана жеке біріншілік болып саналады. Бұл жерде әр топтан бір арнайы мақсаттағы бөлімше жауынгері тапаншадан, автоматты винтовкадан және помпалық қарудан жылдам атудан күш сынасады. Жеӊімпаз KASOTC нұсқасы бойынша "Жыл мергені" атағына лайық деп танылатын болады.

Қазақстандық жауынгерлерге сайыс кезеӊдері оларға өткен жылы жарыстан бері белгілі. "Біз барлық кезеӊге жете дайындалдық. Биыл бірқатар жаӊа жаттығулар қосылды. Біз жігіттермен бірлесіп "үздік" сайысуға бар күшімізді саламыз. Жеӊіс күніне барша қазақстандықтарға тамаша сый жасағымыз келеді",- деді біздіӊ команда. Естеріӊізге сала кетсек, осындай жарыстарға қазақстандық әскери қызметшілер төртінші рет қатысуда.

Сонымен қатар Иорданиялық полицияныӊ арнайы операциялар әйелдер батальоны тобыныӊ қатысуы биылғы жарысты өткен жарыстан ерекшелендіріп отырғанын айта кеткен жөн. Төрешілердіӊ айтуынша әйелдер батальоны басқа топтармен теӊ дәрежеде сайысатын болады. "Бұл арнайы мақсаттағы топтардыӊ жарысы. Мұнда ешқандай жеӊілдіктердіӊ болуы мүмкін емес" - деп атап өтті төрешілердіӊ бірі.

Естеріӊізге сала кетейік, жарыстыӊ ақтық сыны 23 сәуірде өтеді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны