10.12.2013, 18:51 2807

ҚР Қорғаныс министрі И.Жақсыбеков РФ Үкіметі төрағасының орынбасары Д. Рогозинмен кездесті

Кездесу барысында Қазақстанда жұмыс істеп тұрған бірлескен кәсіпорындарды дамыту, сондай-ақ болашақта бірлескен жаңа жобаларды жасау жөніндегі нақты жоспар келісілді.

Алматы. 10 желтоқсан. Kazakhstan today. 2013 жылғы 10 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігінде Қорғаныс министрі И.Жақсыбековтің Ресей Федерациясы Үкіметі төрағасының орынбасары Д. Рогозинмен кездесуі өтті.

(Анықтама: Ресей Үкіметінде Дмитрий Рогозин қорғаныс-өнеркәсіп кешеніне, мемлекеттік қорғаныс тапсырысының орындалуына атомдық және ғарыштық саласны үйлестіруге,экспортты бақылауға, ОДКБ шеңберінде әскери-техникалық саясатты іске асыруға жауап береді.РФ Үкіметі жанындағы әскери-өнеркәсіп комиссиясына басшылық жасайды).

Кездесу барысында әскери-экономика және әскери-техника саласы бойынша екіжақты ынтымақтастық мәселелері талқыланды. Қазақстанның Ресеймен осы салалар бойынша ынтымақтастығы өзара тиімді әрі сындарлы негізде дамуда екендігі аталып өтті.

Кездесу барысында Қазақстанда жұмыс істеп тұрған бірлескен кәсіпорындарды дамыту, сондай-ақ болашақта бірлескен жаңа жобаларды жасау жөніндегі нақты жоспар келісілді.

Сонымен бірге Қазақстан мен Ресей ИШҚ Бірыңғай аймақтық жүйесін құру жөніндегі Келісімді іс жүзіне асыру, сондай-ақ құрылатын жүйені техникалық қамтамасыз ету сұрақтары талқыланды.

Тараптар әскери мақсаттағы өнімдерді өзара жеткізу айтарлықтай өсіп отырғандығын атап өтті. Мәселен, ағымдағы жылы әскери техниканы жеткізу көлемі соңғы он жылда барынша өскендігі байқалды.

Жалпы келіссөздер екі елдің қорғаныс өнеркәсібінің оң дамуын және тең дәрежедегі ынтымақтастық негізінде өзара іс-қимыл жасайтынын растады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны