16.11.2015, 14:07 3967

ҚР Қорғаныс министрі өндірістегі қайғылы оқиғаларды болдырмау жөнінде тапсырма берді

Бүгін, ҚР Қорғаныс министрі Иманғали Тасмағамбетов ведомствода аппараттық кеӊес өткізді. Онда кәдеге жарату қалдықтарын жою кезінде 8 қарашада Арыс қаласыныӊ маӊындағы полигонда орын алған оқиғаны болдырмау туралы мәселе қаралды

Астана. 16 қараша. Kazakhstan Today - Бүгін, ҚР Қорғаныс министрі Иманғали Тасмағамбетов ведомствода аппараттық кеӊес өткізді. Онда кәдеге жарату қалдықтарын жою кезінде 8 қарашада Арыс қаласыныӊ маӊындағы полигонда орын алған оқиғаны болдырмау туралы мәселе қаралды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Одан басқа, "Қазтехнология" ЖШС-ныӊ басшысына алдағы уақытта осындай оқиғаларды болдырмау және робот техниканы енгізу пайдасыныӊ асырылуына адами ресурстарды қолдануды барынша азайту көзделетін жаӊа технологиялар мен кәдеге жарату әдістерін, жүйелерін әзірлеу туралы тапсырмалар берілді. Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігі хабарлады.

Бүгінгі таӊда аталған оқиғаны тексерумен 2007 жылғы 15 мамырдағы ҚР Еӊбек кодесініӊ №252-ІІІ Заӊы 326-бабы, 7-тармағына сәйкес Оӊтүстік Қазақстан облысыныӊ еӊбекті басқару ресми комиссиясы айналысып жатқанын атап өту қажет.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны