08.11.2012, 17:07 3245

ҚР Қорғаныс министрі Өскемен гарнизонының әскери бөлімдеріндегі бірқатар әскери нысандарды аралады, қызмет жағдайларымен танысып қайтты

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, қорғаныс ведомствосының басшысы Өскемен гарнизонының әскери бөлімдеріндегі бірқатар әскери нысандарды аралады, қызмет жағдайларымен танысты, бөлім командирлерімен кездесті.

Астана. 8-қараша. Kazakhstan Today - Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі Иділбек Жақсыбеков "Шығыс" өңірлік қолбасшылығына қарасты Өскемен, Семей гарнизондарындағы құрылымдар мен бөлімдерде болған жұмыс сапарының соңында оларға алғыс айтып қайтты, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, қорғаныс ведомствосының басшысы Өскемен гарнизонының әскери бөлімдеріндегі бірқатар әскери нысандарды аралады, қызмет жағдайларымен танысты, бөлім командирлерімен кездесті.

Бірінші кезекте Иділбек Джаксыбеков бірлескен халықаралық жаттығуларда бірнеше рет өз мүмкіндіктерін танытқан әскери техникаларды тексерді. Жауынгерлік машиналар тұрған паркті аралаған министр техникалардың қысқы оқу кезеңіне әзір екендігіне көз жеткізді.

Спорттық бұрыштармен жабдықталған казармалар да қысқа әзір. Армияда спортқа баса назар аударылады, себебі Қазақстан Республикасаының Қарулы Күштерінде спорт пен дене тәрбиесі жоғарғы жауынгерлік әзірліктің басты құрамдас бөлігі болып саналады.

Қорғаныс ведомствосының басшысы спорт кешенін де назардан тыс қалдырған жоқ, мұнда ол спорттың әр түрімен тек әскери қызметшілер ғана емес олардың отбасы мүшелері де айналысатындығын және погон таққан адамдар тек заманауй техниканы ғана меңгеріп қоймай дене тәрбиесін де естен шығармауы керектігін атап өтті.

Гарнизонда әскери қызметшілер үшін барлық жағдайлар жасалған. Мұнда жас отбасыларына арналған әрқайсысы 80 пәтерлік екі жатақхананың, монша-кір жуу комбинаты мен лазареттің құрылысы жүруде.

Семей гарнизоны құрылымдарын тексеру барысында Иділбек Жақсыбеков резервистерді дайындайтын Оқу орталығын аралап, қандай жағдайлар жасалғандығын, оқу-материалдық базасын және бөлімдердің техникалық жабдықталуын қадағалады.

Министр жөндеу жұмыстары мен бірге өз техникаларымызды да өндіруге кіріскен "Семей-Инжиниринг" бронды танк зауытына барды. Мұнда жұмыс қайнап тұр, өндіріс қуаты жетілдірілуде, шығарылатын өнімнің номенклатурасы кеңеюде, сапасы жақсаруда.

- Мемлекет басшысының қамқорлығы арқасында бүгінде қорғаныс өнеркәсібі кешені пәрменді даму үстінде. Қазір өз өнімімізді шығаруға, еліміздің қорғаныс қабілетін нығайтуға бар жағдай жасалған,-деді Қорғаныс министрі. - Бұл бронды техника мен танкілерді жаңа технологиялық желімен жөндейтін кәсіпорындардың бірі. Ол жаңа өмірін бастады - өнім жаңарды, көлемі ұлғайды, жұмыс орны көбейді. Бұл еліміздің қорғаныс-өнеркәсіп кешенінің тұрақты көтеріліп келе жатқанын көрсетеді.

Мұнда Иділбек Жақсыбеков салынып жатқан танк жөндеу цехын аралады. Министр инженерлік-техникалық қызмет көрсету және әскерлерге арналған өнімдердің жөнделуін өз көзімен көрді. Сондай-ақ, өзіміздің шығарған бронды транспертердің су бөгеттерінен өтуі көрсетілді.

Бұл күні қазақстан армиясының басшылығы "Семей машина жасау зауытының" өндіріс қуатымен танысты.

Жұмыс сапары соңында "Шығыс" өңірлік қолбасшылығының қолбасшылық Басқармасында құрама, бөлім командирлерімен қорытынды жасалды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны