11.08.2006, 18:48 2895

ҚР қорғаныс министрі "Рубеж-2006" оқу-жаттығуларына даййындық барысымен танысты

АСТАНА. 11-тамыз. Kazakhstan Today. ҚР қорғаныс министрі, армия генералы Мүхтар Алтынбаев кеше жұмыс сапарымен "Батыс" аймақтық қолбасшылығында болып, "Рубеж-2006" оқу-жаттығуларына даййындық барысымен танысты, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі ҚР қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Осы орайда естеріңізге сала кетсек, Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымына мүше елдер қорғаныс министрлері кеңесінің жоспарына сәйкес, 2006-жылдың 24-29-тамызы аралығында Маңғыстау облысының аумағында бірлескен кешенді жедел-тактикалық "Рубеж-2006" оқу-жаттығулары өткізілмек. Оған Қазақстан, Қырғызстан, Ресей және Тәжікстан Республикаларының бөлімшелері мен басқа да мемлекеттердің бақылаушылары қатысады.

Оқу-жаттығулардың тақырыбы - ұжымдық қауіпсіздік жүйесі күштері мен құралдарынң теңіз жағалауы бағытындағы бірлескен операцияларын жүргізу және оған дайындалу.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны