09.07.2014, 22:40 1706

ҚР Қорғаныс министрі Семей гарнизонында болды

Кеше ҚР Қорғаныс министрі Серік Ахметов "Шығыс" өңірлік қолбасшылығының Семей гарнизонында жұмыс сапарымен болды.

Алматы. 9 шілде. Kazakhstan today. Кеше ҚР Қорғаныс министрі Серік Ахметов "Шығыс" өңірлік қолбасшылығының Семей гарнизонында жұмыс сапарымен болды.

С. Ахметов өңірлік қолбасшылыққа қарасты бөлімдер мен құрамаларда болды, сондай-ақ "Семей Инжиниринг" және "Семей машина жасау зауыты" АҚ қорғаныс-өнеркәсіптік кешені кәсіпорындарының қызметімен танысты.

Өңірлік қолбасшылық басшылығы алдына бірқатар тапсырмалар қойған министр қорғаныс-өнеркәсіптік секторын одан әрі нығайту және жаңа өнеркәсіптік желілерді игеру қажеттігін атап өтті.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны