13.01.2014, 20:06 5185

ҚР Қорғаныс министрлігінің әскери бөлімдерінде автоқұмарлар қоғамы құрылды

ҚР Қорғаныс министрлігінің әскери бөлімдерінде автоқұмарлар қоғамы құрылды. Бұл қоғам ҚР Қарулы Күштері әскери қызметшілерінің қатысуымен жол-көлік оқиғасын болдырмауға, жол қозғалысы ережесі туралы білімді жетілдіру мақсатында түсіндіру жұмыстарын жүргізуге арналған.

Алматы. 13 қаңтар. Kazakhstan today. ҚР Қорғаныс министрлігінің әскери бөлімдерінде автоқұмарлар қоғамы құрылды. Бұл қоғам ҚР Қарулы Күштері әскери қызметшілерінің қатысуымен жол-көлік оқиғасын болдырмауға, жол қозғалысы ережесі туралы білімді жетілдіру мақсатында түсіндіру жұмыстарын жүргізуге арналған.

Талдықорған гарнизонындағы Искери-әуе күштері Оқу орталығында әскери техникада және жеке көлікте жол-көлік оқиғаларының алдын алу жөнінде конференция өтті. Конференцияда әскери полиция отрядының қызметкерлері әскери қызметшілер арасында автокөлік жүргізудің мәдениетін арттыру, сондай-ақ жеке автокөлікті жол апатына ұрындырмау, қыс мерзімі кезінде пайдаланудың ерекшеліктері жөнінде сабақтар өткізді.

Жол-көлік оқиғасының алдын алу шараларын өткізу барысында ҚР ҚК әскери бөлімдері әскери қызметшілеріне апат болған жерден фото-және бейне материалдар көрсетіліп, "Жол ережесін бұлжытпай орындау - транспорт құралдарын апатсыз пайдаланудың кепілі" атты көрнекі үгіт насихат буклеттері таратылды.

Қазақстан Қарулы Күштері әскери бөлімдерінің командирлері әскери қызметшілердің жолда жүруде қырағы әрі абай болуларын үнемі қадағалап отырады. Ағымдағы жылы жол-көлік апатының алдын алу мақсатында жол қозғалысының қауіпсіздігі жөнінде "Жолаушы назар аударыңыз", "Автокөліктің қысқа әзірлігі - апатқа ұрындырмаудың кепілі", "ҚР ҚК әскери бөлімдері мен мекемелерінің парктерінде ішкі қызметті ұйымдастыру барысында құқық бұзушылықты ескерту жөнінде" айлықтар өткізілмек.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны