15.06.2009, 18:26 2617

ҚР Қорғаныс министрлігінің әскерлерді құрылыспен және пәтермен қамтамасыз ету жөніндегі бас басқармасының бастығының үстінен қылмыстық іс қозғалды

ҚР Қорғаныс министрлігінің әскерлерді құрылыспен және пәтермен қамтамасыз ету жөніндегі бас басқармасының бастығының үстінен қылмыстық іс қозғалды

Астана. 15 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының тергеу тобы 2009 жылдың 9 маусымында ҚР Қорғаныс министрлігінің әскерлерді құрылыспен және пәтермен қамтамасыз ету жөніндегі бас басқармасының бастығы полковник Инуарбек Оразалиновтың үстінен қылмыстық іс қозғады, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігі Бас әскери прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, 2009 жылдың 9 маусымында Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының тергеу тобы (жетекшісі - Бас прокурордың көмекшісі Ж.Жұмаш) ҚР Қорғаныс министрлігі әскерлерін құрылыспен және пәтермен қамтамасыз ету бас басқармасының бастығы полковник Инуарбек Оразалиновтың үстінен ҚР ҚК 176-бабы 3- бөлігінің "б" тармақшасы бойынша қылмыстық іс қозғады, сол күні ол ҚР ҚІК 132 бабының тәртібінде ұсталған болатын. Үстіміздегі жылдың 11-маусымында оған айып тағылды және Алматы гарнизоны әскери сотының рұқсатымен қамауға алынды",- делінген хабарламада.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны