31.01.2012, 13:35 6800

ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрлігі 2011 жылғы жұмыс қорытындысын жасады

Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарын орындау аясында Қоршаған ортаны қорғау министрлігі 2011 жылы қоршаған ортаның сапасын жақсарту мен тұрақтандыру және елдің төменкөмірсутекті дамуға көшуі бойынша тиісті шараларды қолға алған.

Астана. 31-қаңтар. Kazakhstan Today - Дүйсенбі күні ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрлігі алқа мәжілісінің кеңейтілген отырысы өтіп, отырыс барысында 2011 жылғы жұмыс қорытындысын жасады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚР премьер-министрінің ресми сайтының хабарлауынша, отырыс барысындай, сондай-ақ 2012 жылғы міндеттер анықталған. Премьер-Министрдің тапсырмасы бойынша алқа мәжілісіне оның бірінші орынбасары Серік Ахметов қатысты.

Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарын орындау аясында Қоршаған ортаны қорғау министрлігі 2011 жылы қоршаған ортаның сапасын жақсарту мен тұрақтандыру және елдің төменкөмірсутекті дамуға көшуі бойынша тиісті шараларды қолға алған.

Отырыс барысында Қоршаған ортаны қорғау министрі Нұрлан Қаппаров ведомствоның 2011 жылғы жұмыс қорытындысын жариялады. Мысалы, өткен жылы жиналып қалған қалдықтар мөлшерін азайту, нарықтық тетіктер енгізу арқылы парник газдары қалдықтарын төмендету, экологиялық заң бұзушылық үшін әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікті күшейтуге бағытталған "Кейбір заңнамалық актілерге экологиялық мәселелер жөнінде өзгертулер мен қосымшалар енгізу туралы" ҚР Заңы қабылданды. 2012 жылы 50 заңға тәуелді акт қабылдау жоспарланып отыр.

2011 жылы экологиялық заңнаманың сақталуы бойынша шаруашылық ететін субьектілерге 12 мың тексеру жүргізіліп, 9 мыңнан астам заң бұзушылық анықталды. 2011 жылы рұқсат етілген қалдықтар көлемі 3,35 млн. тоннаны, шығарылған ластаушы заттар көлемі 2,8 млн. тоннаны құрап, 2010 жылғы деңгейінде қалған.

Қазақстанда жыл сайын парник газдары шығындыларын түгендеу жүргізіледі. Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің мәліметінше, 2011 жылы 90 % астам көлемдегі сомада парник газдарын шығаратын республикадағы барлық ірі кәсіпорындар есепке алынды. Бұл кәсіпорындар үшін 2012 жылы заң жүзінде квоталар белгіленіп, Еуропалық биржа үлгісінде квоталар саудасы бойынша алаң ашылады.

Сонымен қатар, 2010-2014 жылдарға арналған "Жасыл даму" Бағдарламасын тиімді жүзеге асыру үшін бюджет және бюджеттен тыс қаражаттарды тарту жөніндегі жұмыстар оңтайландырылады.

"Мемлекет басшысының Жолдауында аталып өтілгендей, әлеуметтік-экономикалық жаңғырту Қазақстан дамуының басты бағыты болып табылады. Осы Жолдауды жүзеге асыру жөніндегі Жалпыұлттық жоспарды орындау мақсатында Қоршаған ортаны қорғау министрлігі Елбасының "Жаһандық энергия-экологиялық стратегия" және "Жасыл көпір" Бағдарламаларын тұрақты даму жөніндегі "Рио+20" Дүниежүзілік саммитіне шығару керек", - деп түйіндеді алқа мәжілісінде Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Серік Ахметов.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны