22.06.2006, 17:41 2867

ҚР ОСК демократияландыру жөніндегі мемлекеттік комиссияға сайлау заңнамасына енгізілетін түзетулерді желтоқсан айында таныстырады

АСТАНА. 22-маусым. Kazakhstan Today. Республиканың Орталық сайлау комиссиясы демократияландыру жөніндегі мемлекеттік комиссияға сайлау заңнамасына енгізілетін түзетулерді желтоқсан айында таныстырмақшы, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

Бүгін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевпен кездесуден кейін өткен қысқаша баспасөз мәслихатында еліміздің Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Оңалсын Жұмабеков былай деді: “мен мемлекет басшысына сайлау туралы конституциялық заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі заң жобасының жасалу барысы жайында хабардар еттім. Бұл заң жобасын біз Қазақстан Республикасында демократиялық реформалар бағдарламасын әзірлеу және нақтылау жөніндегі мемлекеттік комиссияның қарауына желтоқсан айында ұсынуды жоспарлап отырмыз”.

ҚР Орталық сайлау комиссиясының төрағасы сондай-ақ президентпен кездесуде облыстық маңызы бар қалалар мен аудан әкімдерін сайлауға дайындық барысы туралы хабарлады. “Биыл Қазақстан қоғамын одан әрі демократияландыруға тағы бір маңызды қадам жасалды. Президенттің ағымдағы жылдың 6-маусымындағы жарлығына сәйкес облыстық маңызы бар қалалар мен аудан әкімдері сайланатын болды. Жалпы алғанда 49 аудан мен 10 қалада сайлау өткізу межеленіп отыр. Біз тамыз айында сайлау нақты өткізілетін күнді белгілейміз”,- деді О.Жұмабеков журналистерге.

Сондай-ақ, президентпен кездесуде халықаралық ұйымдармен, соның ішінде Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйымымен қарым-қатынас төңірегінде де әңгіме өрбіді. “Біз қазір басқа мемлекеттерде өткізіліп жатқан сайлауларға бақылаушылық жасау миссияларына белсене қатысудамыз. Біздің бақылаушылар Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйымының миссиясының құрамында Беларусь, Украина және Черногорияда болды. Шілде айында Македонияда өтетін сайлауға бармақшымыз”,- деді ОСК төрағасы.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны