01.11.2012, 17:00 3258

ҚР Парламенті Сенатының жалпы отырысы өтті

Аталған келісімге 2011 жылдың 22 маусымында Мәскеуде қол қойылған. Бұл ретте, келісім Кеден одағына мүше мемлекеттердің кеден қызметтері өкілдіктері қызметкерлерінің болуы мен өзара іс-қимылының құқықтық негіздерін регламенттеу мақсатында әзірленген.

Астана. 1-қараша. Kazakhstan Today - Бүгін ҚР Парламенті Сенатының жалпы отырысында палата депутаттары "Еуразиялық экономикалық қоғамдастық шеңберінде Кеден одағына мүше мемлекеттердің кеден қызметтері өкілдіктерінің қызмет мәселелері бойынша кеден істеріндегі ынтымақтастық және өзара көмек туралы келісімді ратификациялау туралы" заңын қабылдады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Аталған келісімге 2011 жылдың 22 маусымында Мәскеуде қол қойылған. Бұл ретте, келісім Кеден одағына мүше мемлекеттердің кеден қызметтері өкілдіктері қызметкерлерінің болуы мен өзара іс-қимылының құқықтық негіздерін регламенттеу мақсатында әзірленген.

Келісімге сәйкес кеден қызметі өкілдігінің қызметкерлері кеден заңнамасының орындалуына мониторингті, ұсыныстар даярлауды, кедендік шекарадағы өткізу пункттеріндегі мемлекеттік бақылау түрлерінің жүзеге асырылуына талдау жасайды.

Сонымен қатар Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізілетін тауар ағымдары туралы деректерді талдауды жүзеге асырады. Бұдан бөлек өздері болатын елдің кеден қызметінде қолданылатын кедендік технологияларды зерделейді және оң тәжірибелер туралы хабардар етіп, ақпараттар алмасуға қатысады.

Парламент қабылдаған заң Мемлекет басшысының қол қоюына жіберіледі.

Парламент Сенатының жалпы отырысында палата депутаттары "Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады. Аталған заң жобасымен жаңа бюджеттік ережелер енгізу көзделеді. Бұл елдің экономикадағы жағдайы өзгерген тұста жедел ден қоюға мүмкіндік беру тетіктерін қарастырады. Атап айтқанда, бірінші тоқсанның қорытындылары бойынша бюджет кірістерінің атқарылуы есепті кезеңге арналған бекітілген жоспарлы көрсеткіштерден асып түскен жағдайда, сондай-ақ ағымдағы қаржы жылына арналған әлеуметтік-экономикалық даму параметрлерінің жақсаруы болжанған жағдайда бекітілген бюджеттік бағдарламаларға қосымша бөлінетін "шартты түрде қаржыландыратын шығыстар" деген ұғым енгізілді.

"Бұл шығыстар 2013 жылға арналған республикалық бюджет жобасында 200 млрд. теңге шамасында қарастырылған. Шартты түрде қарастырылған шығыстарды бөлу процесі қаржы жылының бірінші тоқсанында, экономиканың дамуы мен бюджеттің кіріс бөлігінің орындалуына тәуелді болып табылады", - дейді Экономикалық даму және сауда министрі Ерболат Досаев.

Министрдің айтуынша, аталған шығыстар бойынша жеке бөлінетін қаражаттың әкімшісі Қаржы министрлігі болып табылады. Шартты түрде қаржыландырылатын шығыстар көлемі республикалық бюджеттің жалпы көлемінің 4 пайызынан аспайтын мөлшерде анықталады.

"Бұл бюджеттік бюағджарламаға қосымша ретінде жүзеге асады. Осыған орай, бюджет қаражатының уақытылы игерілуі, шығыстардың әлеуметтік бағдарлануы, сондай-ақ ағымдағы қаржы жылы қабылданған міндеттемелерді аяқтау шаралары ескеріледі", - дейді министр Е. Досаев. Оның айтуынша, бұл тетік бюджет сапасын арттырып, қаражаттардың игерілуіне нақты жағдай жасайды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны