23.12.2010, 14:18 4705

ҚР парламенті ШЫҰ терроризмге қарсы конвенциясын ратификациялады

Бүгін Парламент Сенатының жалпы отырысында палата депутаттары ҚР "ШЫҰ-ның терроризмге қарсы конвенциясын ратификациялау туралы" Заңын қабылдады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Астана. 23 - желтоқсан. Kazakhstan Today - Бүгін Парламент Сенатының жалпы отырысында палата депутаттары ҚР "ШЫҰ-ның терроризмге қарсы конвенциясын ратификациялау туралы" Заңын қабылдады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Сенаттың халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік жөніндегі комитетінің қорытындысында, конвенцияда терроризмнің әлеуметтік саяси ұғымы бекітіліп, оның қолдану саласы айқындалған, деп көрсетілген. Сондай-ақ, онда егемендікті қорғау туралы нормалар бекітіліп, терроризмнің алдын алу жөніндегі мемлекеттік іс-шаралардың тізбесі берілген. Бұған қоса онда заңды тұлғалар терроризмге қатысты болған жағдайларда оларға құқықтық көмек беру негіздері мен тәртібі және жауапкершілік түрлері айқындалған.

Бұрын хабарлағанымыздай, Конвенция 2009 жылдың 16 маусымында Екатеринбург қаласында жасалған.

Конвенцияның мақсаты - ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің терроризммен және оның қауіптеріне қарсы іс-қимыл саласындағы халықаралық ынтымақтастықтың тиімділігін арттырып, өңірде бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны