20.06.2012, 12:45 2900

ҚР праламенті мемлекеттік монополия мәселелері жөніндегі заңға енгізілетін түзетулерді қабылдады

Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында палата депутаттары "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік монополия мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын талқылады.

Астана. 20-маусым. Kazakhstan Today - ҚР праламенті мемлекеттік монополия мәселелері жөніндегі заңға енгізілетін түзетулерді қабылдады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында палата депутаттары "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік монополия мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын талқылады.

Еске салсақ, бұған дейін мәжілісте мақұлдаған заң жобасына Сенат бірқатар түзету енгізген болатын. Осыған орай Мәжіліс депутаттары Сенат енгізген өзгерістерге келісімін берді.

Заң жобасы экономикаға мемлекеттің араласуын азайтуды қарастырады. Бұл ретте ұлттық қауіпсіздікті, мемлекеттің қорғаныс қабілеттілігін, қоғамдық тәртіпті, халық денсаулығын қорғау мақсаттарында кәсіпкерлік қызметке мемлекеттің қатысуы талап етілетін айрықша жағдайларда ғана мемлекеттік монополия енгізу көзделетін болады.

Осы мақсатта заң жобасымен 29 заңнамалық актіге, оның ішінде Жер, Орман, Экологиялық кодекстер мен "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" кодекс, "Өсімдіктер карантині туралы", "Байланыс туралы", "Мемлекеттік статистика туралы" және басқа да заңдарға тиісті өзгерістер енгізілген.

Тоқтала кететін жайт, қолданыстағы 10 заңнамалық актіде мемлекеттік монополия туралы нормалар қамтылған. Алайда, оны іске асыру тетігі ашып көрсетілмеген. 14 заңнамалық актіде қызмет мемлекеттік монополияға тікелей жатқызылмаған, дегенмен, мемлекеттік кәсіпорынның осы қызметті жүзеге сыруға айрықша құқығы нақты бекітілген. Осыған орай, жаңа заң жобасына сәйкес, мемлекеттік монополияда тек 18 қызмет түрі ғана қалады. Бұдан бөлек, екі қызмет түрі мемлекеттік функцияға жатқызылады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны