29.03.2018, 18:02 6347

ҚР Премьер Министрі ОҚО-дағы ауыл шаруашылығы мемлекеттік бағдарламасыныӊ жүзеге асырылу барысымен танысты

Шымкент. 29 наурыз. Kazakhstan Today -ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Оӊтүстік Қазақстан облысындағы АӨК дамыту бағдарламасыныӊ жүзеге асырылуымен және инновациялық технологияларды қолданатын шаруа қожалықтарыныӊ жұмысымен танысты.

Үкімет басшысы алдымен "Келес" ЖШС-ніӊ пленка және көшет қондыруға арналған ыдыс шығаратын өндірістік цехында болды. Жобаныӊ жалпы құны 150 млн. теӊгені құраса, оныӊ 23 млн. теӊгесі несиеге алынған. Іске қосылғанына бір-ақ ай болған цехта жылыжайға арналған жабдықтар шығарылады.

"КелесПласт" ЖШС директоры Н. Омаров премьер-министрді өндіріс процесімен таныстырып, өнімдер сұрыпталымын - соӊғы шыққан өӊдеу технологияларыныӊ көмегімен пайдаланылған материалдардан жасалған жіптер мен полиэтиленді жабындарды көрсетті. Оныӊ айтуынша, шикізат шаруашылық субъектілерінен сатып алынады, ал дайын өнімдер ауыл шаруашылығыныӊ әр түрлі салаларында қолданылады және ішкі нарық қажеттіліктерініӊ 100 пайыз қамтиды. Бұдан өзге, қалдықтар мен полиэтиленді қайта өӊдеу ауданныӊ экологиясына оӊ әсер етеді.

Мұнан соӊ, Үкімет басшысы Сарыағаш ауданында орналасқан "Жабай ата" шаруа қожалығына атбасын бұрды. Бұл қожалық жабық топырақ жағдайында сапалы қызанақ сортын жыл мезгілініӊ күзгі-қысқы және ерте көктемгі уақытта заманауи технологияны пайдалана отырып өндіретін шаруашылық болып табылады. 2009 жылы құрылған қожалықта бүгінге 20 гектар суармалы жері бар. Жобаныӊ құны 1,8 млрд теӊгені құрайды. Мұнда жылына 2250 тонна қызанақ пен қияр өнімдері өндіріледі. Өндірілген өнімніӊ 60 пайызы ішкі нарықты қамтыса, 40 пайызы Ресей Федерациясына экспортталады.

Бүгінде облыстағы жылыжайдыӊ жалпы көлемі 1 325 гектарды құрайды. Оныӊ 95,5 гектары өнеркәсіптік, 1229,1 гектары фермерлік жылыжай саналады. Қазіргі таӊда еліміздегі барлық жылыжайлардыӊ 80 пайызы Оӊтүстік Қазақстан облысына тиесілі. 2017 жылы өӊірде 201,7 гектар жаӊа жылыжай пайдалануға берілсе, оныӊ 72 гектары Сарыағаш ауданында орналасқан. Өткен жылы өӊірдегі жылыжайлардан 174 мыӊ тонна көкөніс өнімдері алынған. Яғни былтыр 104,4 мыӊ тонна қияр, 69,6 мыӊ тонна қызанақ өндірілген. Биыл облыста жалпы ауданы 214 гектар болатын жаӊа жылыжай кешендерін пайдалануға беру жоспарланып отыр.

Сарыағаш ауданындағы кәсіпорындарды тексеру барысында ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевқа Президенттіӊ тапсырмаларын орындау аясында қабылданған шаралар туралы баяндады. Елбасыныӊ соӊғы бес жыл ішінде агроөнеркәсіп кешеніндегі еӊбек өнімділігін және өӊделген ауыл шаруашылығы өнімініӊ экспортын кем дегенде 2,5 есеге арттыру тапсырмасын орындау мақсатында жұмыс еселей түсуді ескертті.

Үкімет басы сапар барысында "Сарыағаш жер сыйы" ЖШС-ніӊ тұқымбағына аялдады. Шаруа қожалығыныӊ басшысы Танабай Шынтасов Бақытжан Сағынтаевқа суармалы егіншілікте жаӊа технологиялардыӊ қолданылуы туралы әӊгімелеп берді. 2002 жылы құрылған бұл шаруашылықтағы суармалы жер көлемі 96,5 гектарды құрайды. Мұнда бүгінде 200 мыӊ дана жеміс пен 700 мыӊ дана жүзім көшеті және элиталық декоративтік ағаш көшеттері өсірілуде. Өндірілген өнімніӊ 60 пайызы ішкі нарықты қамтыса, 40 пайызы Қырғызстан және Өзбекстан Республикаларына экспортталуда. Жылына 100 млн теӊгегініӊ өнімін өндіретін қожалықта 48 адам жұмыспен қамтылған.

ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Оӊтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапары аясында "Сарыағаш жер сыйы" көшеттерді өсіру тәлімбағын аралағаннан кейін АӨК дамытудыӊ мемлекеттік бағдарламасы мен Президенттіӊ "Шағын несие беруді көбейту" төртінші әлеуметтік бастамасын жүзеге асыру бойынша ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілермен кездесу өткізді.

Кездесу барысында ауыл шаруашылығын дамытудыӊ өзекті мәселелері талқыланды. Атап айтқанда, экспорттық әлеует, субсидиялау, ауыл шаруашылығы өнімдерін өӊдеуге инвестициялар тарту, АӨК-ті технологиялық жаӊғырту, етті мал шаруашылығы мен өсімдік шаруашылығын дамыту мәселелері қаралды.

ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Қазақстанныӊ агроөнеркәсіптік кешені перспективалық болашаққа ие екенін атап өтті. Еліміз көптеген позициялар бойынша әлемдегі аграрлық экспорттық өнімдер шығаратын ірі өндірушілердіӊ бірі бола алады. Осы мақсатта Үкімет барлық қажетті шараларды қабылдап жатыр. АӨК дамытудыӊ мемлекеттік бағдарламасы жүзеге асырылып, ветеринариялық қызметтіӊ бағыныштылығын қалпына келтіруді, бизнестіӊ ғылыми зерттеулерге қатысуын ынталандыруды, өнім дайындау ұйымдарын субсидиялауды қарастыратын заӊ жобасы ұсынылды. Қазіргі таӊда экспортқа бағдарланған кәсіпорындардыӊ пайдасы үшін субсидиялау саясаты қайта қаралу үстінде.

Президенттіӊ "Шағын несие беруді көбейту" атты төртінші әлеуметтік бастамасы аясында аграрлық қызметкерлер үшін жаӊа мүмкіндіктер ашылуда. Шағын несие беруді қаржыландыруға 20 млрд теӊге бағытталды. Бұл өз бизнесін бастауды көздеп жүрген азаматтарға ұсынылатын үлкен қолдау болмақ.

Ауыл шаруашылығыныӊ бірінші вице-министрі А. Евниев Президенттіӊ "Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудыӊ жаӊа мүмкіндіктері" Жолдауы мен Мемлекет басшысыныӊ "Шағын несие беруді көбейту" төртінші әлеуметтік бастамасын іске асыру барысы мен фермерлердіӊ мүмкіндіктері туралы баяндады.

Сондай-ақ, талқылау барысында "Ордабасы құс" ЖШС директоры М. Тағаев, "Сарыағаш жер сыйы" ЖШС директоры Т. Шыӊтасов, "Нұралы жол" шаруа қожалығыныӊ төрағасы Е. Ералиев, Жылыжайлар қауымдастығыныӊ төрағасы М. Снабаев өз пікірлерін білдірді.

Кездесу барысында айтылған ұсыныстарды Ауыл шаруашылығы министрлігі мен тиісті мемлекеттік органдар егжей-тегжейлі қарастыратын болады.

Мұнан соӊ, Үкімет басшысы "Жібек жолы" кеден бекетініӊ жұмысымен танысты. Бекет күніне 25 мыӊға жуық жолаушы мен 100-ге жуық транспортты өткізуге қауқарлы. Кеден бекетінде келушілер үшін барлық жағдай жасалған. Облыс орталығынан 105 шақырым қашықтықта орналасқан бекетте бүгінде 65 адам жұмыс істейді.

ОҚО әкімініӊ баспасөз қызметі

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны