22.01.2007, 16:48 2819

ҚР премьер министрі республика аймақтарында әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларын құру мәселесіне өзі басшылық ететін болады

АСТАНА. 22- қаңтар. Kazakhstan Today. ҚР премьер-министрі Кәрім Мәсімов республика аймақтарында әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларын құру мәселесіне өзі басшылық ететін болады. Бұл жөнінде ол индустрия және сауда министрлігінің алқа мәжілісінде мәлімдеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

"ИКК құру мәселесімен мен индустрия министрімен бірге айналысатын боламын, әсіресе ең бірінші корпорация құру мәселесімен",-деді К.Мәсімов. "Бұл нәтижелі жоба болуы керек, біз осы бағытты, аймақтық бизнес ИКК арқылы дамитынын көрсетуіміз керек",-деді ол.

"Бүгінгі мінбені пайдалана отырып менің айтарым мынау: жергілікті әкімшіліктің қай өкілі осы мәселеге қатысты былық жасайтын болса, қатаң жазаланатын болады", деп атап өтті үкімет басшысы. Болашақта ИКК басқару құзыретін аймақтық шағын және орта бизнес өкілдеріне беру жоспарда бар. К.Мәсімовтың пікірінше, "аймақтық бизнес аймақтағы мемлекеттік меншікке ие болуы тиіс, сол кезде ашықтық болады".

Үкімет басшысының айтуынша, индустрия және сауда министрлігінің алдағы мақсаттарының бірі - Елбасының шағын және орта бизнестің ІЖӨ үлесін 50-60 % ұлғайту жөніндегі тапсырмасын орындау . "Біз осы көрсеткішті бағындыруды өзімізге міндеттеуіміз қажет, ал бәсекелестікті қорғау жөніндегі комитет аймақтағы бизнес өзін еркін сезінуі үшін, оған әкімшілік қысымның жасалмайтынын сезінуі үшін , нақты ұстанымда болуы керек. Ийтпесе, кейде бизнесің ілгері жылжыса, билік бас салады", деді премьер -министр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны