27.10.2011, 13:12 3588

ҚР премьері ХВҚ Қазақстан бойынша миссиясының басшысымен елдің экономикалық даму мәселелерін талқылады

Еліміздің Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов бүгін Халықаралық валюта қорының Қазақстан бойынша миссиясының басшысы Ана Люсия Коронельмен кездесті.

Астана. 27-қазан. Kazakhstan Today - ҚР премьері ХВҚ Қазақстан бойынша миссиясының басшысымен елдің экономикалық даму мәселелерін талқылады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚР премьер-министрінің ресми сайтының хабарлауынша, еліміздің Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов бүгін Халықаралық валюта қорының Қазақстан бойынша миссиясының басшысы Ана Люсия Коронельмен кездескен.

"Қазақстандағы ХВҚ миссия басшысы А.Коронельмен кездестім", - деп жазды Кәрім Мәсімов Twitter-ге.

Иңгіме барысында әлемдік экономикадағы ағымдағы жағдай туралы сөз қозғалды, сондай-ақ еліміздің қаржылық-экономикалық даму мәселелері талқыланды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны