07.12.2011, 11:25 1869

ҚР премьері инновациялық жетістіктер көрмесін аралап көрді

Кеше Астанада өтіп жатқан "Инновациялық Қазақстан - 20 жылдық тәуелсіздік жолынан кейінгі болашаққа көзқарас" атты Инновациялық форумы жұмысы аясында Инновациялық жобалар көрмесі ашылып, оны Үкімет басшысы Кәрім Мәсімов аралап көрді.

Астана. 7-желтоқсан. Kazakhstan Today - ҚР премьері инновациялық жетістіктер көрмесін аралап көрді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚазАқпарат агенттігінің хабарлауынша, кеше Астанада өтіп жатқан "Инновациялық Қазақстан - 20 жылдық тәуелсіздік жолынан кейінгі болашаққа көзқарас" атты Инновациялық форумы жұмысы аясында Инновациялық жобалар көрмесі ашылып, оны Үкімет басшысы Кәрім Мәсімов аралап көрді.

Инновациялық жобалар көрмесіне Қазақстанның барлық аймақтарынан жинақталған және экономиканың түрлі салаларын қамтитын 68 жобалар қойылған. Бұл жобалар инновациялық жобалардың республикалық байқауының қорытындысы негізінде іріктеліп алынған болатын. Айта кетерлігі, көрмеге ұсынылатын 68 орынға 11 үміткер жобадан тіркеліп, олар арасындағы бәсекелестік те қарқынды өтті. Іріктелген жобалар инновациялық жобалар тізбесіне енгізілетін болады. Бұл ретте сала мамандары инновация саласындағы жобалардың да тиімді жүзеге асуы үшін Индустрияландыру картасы секілді арнайы бағыттың болуы қажеттігін алға тартып, мемлекеттік қолдаудың нақты тетіктері қамтылуы тиістігін айтады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны